» » Елордадан ақжолтай жаңалық жетті

Елордадан ақжолтай жаңалық жетті


Сенатор Мұрат Бақтиярұлы Жаңақорған ауданындағы ауыз су тапшылығы жөніндегі ақпаратты жақсы біледі. Себебі әрбір жұмыс сапарында ауданда арнайы болып, су мәселесінен туындаған жағдаймен танысып, оның оң шешілуіне барынша атсалысып келеді. Бұл жолы да солай болды.
Мәселенің маңыздылығы нақты болу үшін сөзімізді басынан бастайын.
2013 жылдан бастап Жаңақорған ауданының 8 елді мекені, атап айтқанда Сунақата, Екпінді, Сүттіқұдық, Төменарық, Қожамберді, Жайылма және Жаңақорған кенті «Жиделі» топтық су құбырынан ауыз су ішетін. Шамамен қыс айында 3000 м3, жаз мезгілінде 6000 м3 су мөлшері қажет болатын. Мейлінше жаз айларында су тапшылығы туындап келді. Осыған орай «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы «Тақыркөл» бас су алғышынан №1 сорғы станциясына дейін магистральды су өткізгішінің екінші желісін салу құрылысы» жобасы жасалып, тиісті инстанциялардан сәтті өтті. Сөйтіп, республикалық бюджеттен 2022 жылға 100 миллион, ал, 2023 жылға 675 миллион 468 мың теңге қаралған еді.
Әрине, жобаның қолдау тапқаны жақсы жаңалық, десе де екі жылға бөлінген қаражат істің ұзақ уақытқа созылуына итермелейтіні анық. Сондықтан жоба жұмыстарын да, қаржысын да бір жылға жинақтау жөнінде сенатор Мұрат Бақтиярұлы тиісті жоғары органдарға шығып, мәселені нақтылады, ел үміті оң шешімі тапты.

Қаныбек ӘБДУОВ
20 қараша 2021 ж. 454 0