№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауыл шаруашылығы жануарларын диагностикалау және сәйкестендіру қағидаларына сәйкес Ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу ережелері

Ауыл шаруашылығы жануарларын диагностикалау және сәйкестендіру қағидаларына сәйкес Ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу ережелері

   
Қазақстан Республикасында жүргізлетін ветеринариялық қызметтің негізгі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға  келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады.

Қазақстан Респулликасында жануарлар ауруларымен күресу шаралар ҚР Президенті бекіткен  2002 жылғы 10 шілдеде қабылданған заң 6 тараудан 37 баптан тұрады.Ветеринария туралы заң негізінде, Үкімет жарлылары және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринария туралы заң актілері мен нұсқаулары бойынша жүргізіледі. Қазақстанда ветеринаия саласын қадағалау органдары мемлекеттің басқаруында болады, жүргізілетін ветеринариялық шаралар жоспарлы түрде, ал аса қауіпті жұқпалы ауруларды және  каратиндік шараларды қоспағанда ветеринариялық жұмыстардың барлық түрлері мемлекет есебінен жүргізіледі. Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер  шегінде адам  мен ауылшаруашылығы жануарларына ортақ жұқпалы ауруларының алдын алу үшін эпизоотиялық мониторинг жасай келе аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық ветеринариялық іс-шара жоспары жасалынып,соған сәйкес іс- шаралар атқарылуды. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларына сәйкес  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы    № 16-07/332 бұйрығының талаптарына сай тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі соңғы 3 (үш) жылдағы эпизоотиялық мониторинг мәліметтері басшылыққа алынады. Сондай-ақ ҚР АШМ-нің 29.06.2015 жылғы №7-1/587 бұйрығының 1187 тармағына сәйкес, қолайлы шаруашылық субъектілерінде дер кезінде бруцелезді анықтау мақсатында барлық жануарлар РБС және КБР (бір ерітіндісінде) әдістермен диагностикалық зерттеледі. Оң немесе күдікті нәтиже алған жағдайда АР және КБР (екі ерітіндісінде) 15-20 күннен кейін қайта тексеріледі. Қайта тексеру «РВЗ» ШЖҚ РМК облыстық вет.зертханасында жүргізіледі. Ал қолайсыз пункттердегі сауықтыру шаралары ҚР АШМ-нің 29.06.2015 жылғы №7-1/587 бұйрығының 1130 тармағына сәйкес 15-20 күнтізбелік күн сайын РБС және КБР әдістерімен қатарынан 2 рет теріс нәтиже алғанша жүйелі түрде диагностикалық зерттеулер жүргізіледі. Зерттеулер «РВЗ» ШЖҚ РМК филиалында өткізіледі. Бруцелезге қарсы иммунделген жануарлдардың барлық зерттеулері Ветеринариядағы ұлттық рефереттік орталық базасында жүргізіледі
         Диагностикалық зерттеу жұмыстары бойынша аса қауіпті сарып ауруының алдын алу үшін зерттелуге жататын ауылшаруашылығы жануарларының мал басы толығымен қамтылған. Сарып ауруы анықталған мал бастары мерзімінде ветеринариялық-санитариялық сойылып, мал иесіне құны өтелуде «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығы негізінде) сырғалау, таңбалау әдісімен бірдейлендіріледі. Статистикалық мәліметпен салыстырмалы зерттеу ұдайы жүргізіліп отырады.Салыстырмалы зерттеузерттеу барысында АШЖБ дерек қорымен статистикалық есеп арасындағы алшақтық 5%-дан аспауы керек.
Жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою кезінде өлген және лажсыз сойылған жануарлардың өлекселерін, сондай-ақ солардан алынған жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты жою мақсатында құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) Аудан көлемінде типтік жобада-16 ауылдық округтерде қамтылған. Экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне  қалған 10 ауылдық округтерге мал қорымын салуға өтінім берілді. Ветеринариялық-санитариялыққауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аудан көлеміндегі                 26 кент ауылдық округте толығымен мал қорымының болуына жұмыс кезең-кезеңімен жасалынуда.
ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және Қадағалау Комитетінің Жаңақорған аудандық инспекциясы
26 қазан 2021 ж. 650 0