Қызылордада биыл 750-ге жуық азамат әскерге аттанады
Биылғы жылы 750-ге жуық Сыр елінің азаматтары Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Қазіргі таңда ҚР Қарулы күштері қатарына 145 азамат әскерге жолданды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Айдын Сағынбеков мәлімдеді.