№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ерлан Ахметов: Жыл басынан бері 553 алаяқтық қылмыс тіркелді

Ерлан Ахметов: Жыл басынан бері 553 алаяқтық қылмыс тіркелді



Аймақта адамдарды алдап, сеніміне кіріп алаяқтықпен айналысатын қылмыскерлер саны азаймай тұр. Жыл басынан бері 553 алаяқтық қылмыс тіркелсе, соның 313 ғаламтор арқылы тұрғындарға залал келтірген. Мұндай қылмысты ашу көптеген қиындықтар тудырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ерлан Ахметов мәлімдеді.

«Орын алған қылмыстардың басым бөлігі интернет немесе әлеуметтік желі арқылы жасалған. Азаматтарымыз көбіне өздерінің материалдық жағдайын түзеу мақсатында интернет-дүкендерінен сауда-саттық жасаймын деп алданып қалуда. Онымен қоса, банк немесе басқа да мемлекеттік мекеме атын жамылып, телефон шалып, есеп шоттарыңыздың кодтар мен сілтемелерін алу арқылы алданып жатқан жағдайлар да бар. Соңғы кезде кездесіп жатқан алаяқтықтың бір түрі – ол белгісіз тұлғадан немесе жеке компаниялар атынан смс хабарламалар жолданып, түрлі акциялар туралы, азаматтың ұтысқа ие болғанын хабарлап, алдын ала белгілі бір сомадағы ақшаны аудартып алу деректері де кездесуде. Сондықтан, бейтаныс, толық-білмейтін, жеңіл табыс табуға уәде берген адамдарға сенімділік танытпауды сұраймыз», – деді полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Сейділдаұлы.

Дегенмен, айта кеткен жөн облыс бойынша 9 айда тіркелген қылмыстар саны 6 пайызға, ауыр, адам өлтіру, ұрлық, мал ұрлығы, тонау, бұзақылық қылмыстары төмендеді. Қоғамдық орында, көшеде, мас күйінде, бұрын сотты болғандармен, топпен, кәмелетке толмағандармен, отбасы-тұрмыстық саласында жасалған қылмыстар саны да азайды.

15 қазан 2021 ж. 360 0