№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ғаламтор алаяқтардың олжасына айналды

Ғаламтор алаяқтардың олжасына айналды

Қазір түрлі бағдарламаларды пайдаланудың қарапайымдылығымен ғаламтор ресурстарын іске жарату арқылы қылмыс жасаудың алаяқтық схемалары өршіп тұр. Мәселен, «Кolesa.kz», «krisha.kz», «market.kz», olx.kz және тағы басқа сайттар арқылы алаяқтар өзінде жоқ материалдық тауарларды сату туралы хабарландыруды жариялайды. Осылай оңай пайдаға кенелудің жолы пайда болды. Бұл қылмыскерлер арасында танымалдылыққа ие болуда.Осындай жағдайларда алаяқтар өзінің құрбандарын тиімді ұсыныстар мен төмендетілген бағаларды көрсету арқылы өзіне тартып, жылдам төлемдер терминалдары арқылы банктік шоттарға және электрондық әмияндарға ақша қаражаттарын аударуға шақырады. Осы жолмен алдын ала төлемдерді аударуға қол жеткізеді, бұл ең оңай жолы. Әдетте сатушы ақшаны алғаннан кейін, бірнеше күн тауарды жедел жеткізуге уәде береді, кейін іс-түссіз жоғалады.
Жаңақорған ауданының прокура­турасымен қылмыстылықтың алдын-алу профилактикасы мақсатында, ғалам­тор арқылы жасалатын алаяқтық санаты бойынша қылмыстық істер талданды. Талдау көрсеткендей, 2019 жылмен салыстырғанда орын алған 27 алаяқтықтың 7 проценті, яғни 2 қылмыстық іс тіркелді. 2020 жылы ғаламтор алаяқтарының саны 40 процентке өсу тенденциясы байқалды. Былтыр олардың саны 11-ге жетті.
Тағы да бір ғаламтор арқылы алаяқтықтың кең таралған тәсілі алаяқтың сатып алушы болып тауар сатушыға қоңырау шалып, онда тауарды сатып алуға дайын екендігін хабарлайды, алайда басқа қалада орналасқандықтан, банктік карточкаға ақшаны жібергісі келетіндігін мәлімдейді. Тауар сатушы банктік карточка деректемелерді жібергеннен кейін, алаяқ сатушыға қоңырау шалып, ақша аудару үшін оған жәбірленушінің телефонына келетін кодты айтуды сұрайды.
Алайда, кодты білгеннен кейін алаяқ жәбірленушінің мобильді банкингіне қол жеткізіп, барлық ақшалай қаражатты жалған шоттарға немесе электрондық әмияндарға аударады.
Осыған орай алаяқтың арбауына тап болмас үшін пайдаланушыларға келесідей жадынамаларды аудандық прокуратура ұсынады. Алдымен сіздің төлем карточкасы туралы ақпаратты үшінші тұлғаға бермеуіңіз керек. Сондай-ақ SMS арқылы келетін әртүрлі қол жеткізу кодтарын жібермеуіңіз тиіс. Екіншіден, күмәнді келісімдерден бас тартуыңыз тиіс. Осы жолда көп сатып алушы сан соғып қалады.
Үшіншіден, электрондық әмиянға алдын ала төлемді жасауға келіспеуіңіз керек. сату көзін тексеру, егер сатушы басқа қалада орналасқан болса, онда сатушымен оның туыстары немесе жолдастарымен жеке кездесуді сұрау және тағы осы секілді зерделеуге тиістіміз. Шыны керек, қазір түрлі әдіспен ақша табудың, несие алудың жолын ұсынғандардың уысынан шыға алмаған аудан тұрғындары қолын мезгілінен кеш сермеп қалуда.
Бұл туралы аудандық полиция бөлімі де хабарлады. Мәселен, полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рахымжан Сұлтанқұлов аудандық полиция бөлімінің қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаларды тіркеу кітабына былтыр 13 дерек тіркелсе, 2019 жылы 17 іс тіркелген. Мұның ішінде ғаламтор емес, жүзбе-жүз сан соқтырғандар бар. Оның ішінде, жұмысқа орналастыру, несие алып беру сынды қылмыстар бар.
Қазір әлеуметтік желі деген жақсы болды ғой. Жаңалық та осында, алаяқтар мен саудагерлер, алыпсатарлардан көз сүрінеді. Несие алып беру, түрлі әлеуметтік желі арқылы сауда-саттық жасау, электронды ойын автоматтары, банк карточкалары арқылы табыс табу және осы секілді арбаулар кейінгі кезде шектен шықты. Оларды құрықтау қиын болып тұр. Әсіресе, қалалық жерлерде алаяқтардың қарасы көбейді. Мәселен, Қарағандыда жыл басынан бері 900-ге жуық іс тіркеліпті. Жалпы, «Алаяқтық» бабы бойынша жыл басынан бері республика бойынша 22-мыңнан астам дерек тіркелсе, криминалдық полиция оның 80 процентін анықтаған. Оның ішіндегі 8 мыңнан астамы интернет-алаяқтардың әрекеті көрінеді. Бұл виртуалды қылмыстың күрделілігін аңғартса керек. Электронды әлемді қолшоқпарына айналдырған алаяқтар шетелде жүріп те хабарласып, алдап, арбауына түсіруі де әбден мүмкін.
Алаяқтардың тағы бір жиі қолданатын әдісі – азаматтардың жеке деректерін пайдаланып, атына шағын несие ресімдеу. Полицейлер құжаттар мен олардың көшірмелерін ешкімге бермеуге кеңес береді. Құзырлы органдар ескертті, жолын жеткізді, қалғаны өз еркіңізде, тек сақ болғаныңыз жөн. Ғаламторды айла-тәсіліне айналдырған алаятарға алданып қалмасаңыз болды.

Мұхтар Ендіберген,
аудан прокуратурасының
аға прокуроры

25 ақпан 2021 ж. 813 0