№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаржылық алаяқтар кімдер?

Қаржылық алаяқтар кімдер?

Кейінгі жылдары алаяқтықтың түр-түрі белең алуда. Әсіресе мобильді телефон, әлеуметтік желі арқылы өздерінің арам пиғылдарын іске асыратындардың қатары көбейіп кетті. Дерек көздеріне жүгінсек, 2018 жылы интернет арқылы жасалған 516 қылмыс фактісі тіркелсе, 2019 жылы олардың саны 7 мыңнан асып түскен. Бұл жалпы алаяқтық фактілердің үштен бір бөлігі ғана.

Бүгінде ұялы телефонына қоңырау шалып, банк қызметкерінің өкіліміз деп таныстырып, банк карточкаларынан ақша алу алаяқтығы белең алып тұр. Бұл ретте, олар банк терминологиясын жетік қолданып, сізбен сауатты және сенімді түрде сөйлеседі. Мәселен, алаяқтар төлем картасы бойынша күдікті операциялар анықталғаны, және оларды «бұғаттау» үшін жүйеге карта иесінің деректерін яғни  ЖСН, картамен байланыстырылған телефон нөмірін, банк картасының нөмірін, ағымдағы немесе жинақ шотының нөмірін енгізу қажеттілігі туралы хабарлайды.
Жақында осындай оқиғаға куә бол­дық. Жыларман болып келген келіншек көмек сұрады. Картасындағы бар ақша­ны алдырып алған. Оқиға белгісіз нөмірдің телефон шалуынан басталған. Әлгі келіншекке 200 мың теңге аударсаңыз, бірер сағатта 2 миллион теңге алатыны жайлы айтылған. Көп ойланбастан банк картасының нөмірін, сосын келген смс хабарламадағы кодты әлгі қоңырау шалған кісіге айтқан. Сосынғысы белгілі. Бүкіл ақшасынан айрылып қалған. Балаларына мектепке киім-кешек аламын деп отырған ақшасын оңай алдырған келіншек әрі-сәрі күйде амалсыздан бізден көмек сұрай келіпті. Біз осындай алаяқтарға жол бермеу үшін де газеттің арнайы беттерінде алаяқтыққа қатысты мақалаларды жарыққа шығарып жатқанымызды айттық. Басқа қолымыздан келері де жоқ. Бұл жайлы аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғани Тұрсекеев те бірнеше рет сұхбат беріп, алаяқтарға алданып қалмауға шақырған болатын.
Сайып келгенде сіз телефоныңызға келген кодты ешкімге айтпауға тиіссіз. Алаяқтар деректемелерді көрсеткен кезде,  клиенттің нөміріне жіберілген SMS-хабардағы кодты айтып беруді сұрайды. Алаяқтар кодты алғаннан кейін, клиенттің интернет банкингдегі телефон нөмірін ауыстырады және шоттан ақшаны оңай алып алады.
Қаржылық алаяқтықтың түрлерінің біреуі  сауда-саттық жүргізетін интернет-алаңдармен байланысты әлеуметтік желі арқылыжүргізілген сатушы мен сатып алушының өзара қарым-қатынастарын ешкім бақыламайды. Мұнда алаяқтар өздерін таныстырғанда басқа біреудің аты-жөнін сеніммен айтады. 
Олар клиентті тауар сатып алуға және алдын ала ақы төлеуге сендіреді, бірақ ол үшін, әрине, төлем картасының деректемелері және ақша аударымын жандандыру үшін клиенттің нөміріне жіберілген SMS-хабардан код қажет. Бұл операция да біріншіге ұқсас, оның салдары: жалған сатып алушылар шоттағы барлық ақшаны алып, өздері жоқ болып кетеді.
Интернет алаяқтар аздаған секунд ішінде сіздің шотыңызды бос қалдыруы мүмкін. Алдауға түсіп қалмау үшін мынадай бірнеше қағиданы білуіміз қажет.  Өзіңіздің дербес деректеріңізді ешқайда көрсетпеңіз. Өзіңіздің конфиденциалды деректеріңізді яғни төлқұжат деректерін, аудару деректемелерін ешкімге хабарламауыңыз керек.
Қаржылық алаяқтықтың бірі пирамидалық өсу арқылы ақша алу. Иә, сізге 2 мың теңге салып, артыңыздан үш адам шақыру арқылы 6 мың теңгеге, ол үш адам 9 адамды шақыру арқылы 18 мың теңге аласыз деп сендіруі бек мүмкін. Бірақ бұл да алаяқтықтың бір түрі. Сондай-ақ, медициналық төлем төлесеңіз, сізді арнайы емханалар қабылдайды. Ол үшін сіз үлкен көлемдегі ақшаны емес, тек жартысын ғана салсаңыз жеткілікті деп сізден белгілі бір счетқа ақша аударуыңызды талап етуі мүмкін.
Қаржылық алаяқтар күн сайын адамдарды алдау арқылы ақша табудың жаңа тәсілдерін шығаруда. Кейде банктік кредиттер мен қарызды өтеу бойынша да хабарласуы мүмкін. Олар сізден ақша алған бойда бірден жоқ болып кететінін білгеніңіз жөн. Кепілсіз кредит беремін деп сізден сыйақы сұрап жүретін делдалдар да ақшаны алған бойда қарасын батырып кететінін де білгеніңіз жөн.
Бүгінде кем ақшасын көбейтемін деп, қайтсем мол ақшаға кенелемін деп жүргендерге құқық қорғау саласының айтары бар – айла таптырмас алаяққа алданып қалмаңыз.
Оңай ақша ойынмен келмейді, әрбір нәрсенің өтеуі бар. Ал, алаяқтық арсыздардың арам ниеті.
Оған жол бермейік!

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
22 тамыз 2021 ж. 722 0