№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӘСІБИ МЕРЕКЕНІҢ ҚУАНЫШЫ

КӘСІБИ МЕРЕКЕНІҢ ҚУАНЫШЫ

Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің басты бет-бейнесі. Яғни әрбір елдің берік саясаты мен жасампаз жаңғыру жолында мемлекеттік қызметшілердің сүбелі үлесі бар. Мемлекеттік қызметші болу – осындай сенім мен абырой жүгін арқалай білу.

Осы тұста, 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер мен полиция күніне орай «Арман» кенттік мәдениет үйінде сал­танатты шара өтті.
Мәдени шараның шымылдығын түрген аудан әкімі Ғалым Әміреев:
– Кез-келген қоғам жергілікті басқа­ру­шысыз яғни мемлекеттік қызметшісіз әрекет етуі мүмкін емес. Билікке деген сенім қазіргі қоғам талабына сай мемлекеттік қызметшілерден бас­талады. Ал, мемлекеттің қарыштап дамуы қызметкерлердің жұмыс күші­не, тәжірибесіне, еңбекқорлығына байланысты. Мемлекеттің әл-ауқа­тын арттыру және оны жақсартуға бағыт­талған мемлекеттік бағдарла­малардың жүзеге асуына да жауаптылар – мем­лекеттік қызметшілер болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік қыз­метшілерді тек заң аясында адал еңбек ете беруге шақырамын, – деді.
Ізгі тілектен соң аудан басшысы Ғалым Махмұтбайұлы ұжымда ұтқыр­лықпен дара шыққан үздік мемлекеттік қызметшілер мен тәртіп сақшыларын арнайы «Алғыс хатымен» марапаттады. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Бекзат Омарова мен Қыркеңсе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жасұлан Бейсенбеков ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимовтың «Алғыс хатымен» марапатталды. Ал, Бақытжан Айымбе­тов, Бауыржан Сопбеков, Ғани Төлешов, Алмас Абдуллаев, Нұржан Мұзаффар сынды сақшылар аудан әкімінің «Алғыс хатына» ие болды.
Келесі кезекте аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Ғани Тұрсекеев мерейлі мереке иелерін құттықтады.
– Отанды қорғау – абыройлы міндет. Отанға қызмет ету, оны адалдықпен қорғай білу тек біліктілерге, арда аза­мат­тарға тән қасиет. Мен осы орайда аудан әлеуетінің тұрақтылығы мен татулығы үшін, бейбітшілігі мен бере­кесі үшін сарқа күш жұмсап жүрген полицияларды төл мерекемен құт­тықтағым келеді. Қашанда қыра­ғылықтың қас шеберіне айналып, қоғам­ның мызғымас тыныштығы үшін адал қызмет атқара біліңіздер, – деді.
Расында, егемен елдің ертеңі үшін еселі еңбек етіп, күн-түн демей халық­тың тыныштығын күзетіп жүрген ішкі істер қызметкерлерінің қажырлы еңбегі еленуге тұрарлық. Бұл мерекеде сондай мерейлі марапатқа қол жеткізген Жасұлан Шайдарбек, Сейтжан Маханбетов және Керімхан Аппазов, Біржан Мырзабаев тұғыр төрі­нен көрінді.
Иә, мерейлі мерекеде өз ісінің майталман мамандары марапатталып, қуанышқа бөленді. Ерлік, елдік рухы тереңнен ақтарылды. Әсіресе, «Ұлы Дала», «Туған жер», «Офицеры», «Егеменді ел» және «Сарбаздар» әні темірдей тәртіптің иесі болған сақшыларды шынайы тебіреніске бөледі. Бұл – елжандылықтың, патриотизмнің айқын көрінісі болса керек.

Ханзада ДОШАН
25 маусым 2019 ж. 1 063 0