№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Партиялық бақылау: аяқ су ауылдың әлеуметтік жағдайын көтереді

Партиялық бақылау: аяқ су ауылдың әлеуметтік жағдайын көтереді


Жаңақорған ауданында Талап, Төменарық, Сүттіқұдық, Қожамберді ауылдық округінде аяқ су мәселесі өзекті болып тұр. Жетінші шақырымдағы депутаттар іске кіріскен кезден мәслихат депутаты Нұрлат Байгенже ақсақалдардың дәлелді уәжіне сүйеніп Төменарық, Сүттіқұдық, Қожамберді ауылдық округін аяқ сумен қамтамасыз ететін жобаны ұсынып, зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігін көтеріп келеді.

Бұл ұсынысқа мән берген мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков ел ағалары, халық қалаулылары мен гидротехник мамандардан уақытша комиссия құрып, Төменарық аймағына арнайы баруға жол ашты.

Иә, ауыл тұрмысының жақсарып, ауыл шаруашылығының дамуына аяқ сумен жеткілікті қамтамасыз етудің маңызы зор. Кездесу барысында Төменарық ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Темірбек Құтжанов және ауылдық қауымдастық кеңесінің мүшесі Шәдімханов Өмірәлі ауылдағы өзекті деген Қандарал каналының басын Сырдария өзенінен алу мәселесін көтерді. Ауыл тұрғындары көптеген жылдар бойы аяқ су мәселесінің тапшылығынан есік алдына ешқандай бақша дақылдарын еге алмай жатқанын, су тіршілік көзі екенін жеткізді.
Бұл мәселеге байланысты уақытша комиссия мүшесі Алшынбай Тұртанов бірінші кезекте іздестіру жобалау жұмыстарын (топографиялық съемка) жүргізетін мекемеге жүгініп судың шығу деңгейін растайтын болса ары қарайғы жұмыстарын толыққанды жүргізу қажеттігін айтты.
Бұл мәселе шешілген жағдайда Төменарық, Қожамберді, Сүттіқұдық ауылдық округтерінің аяқ су мәселесі толығымен шешілетіндігін жеткізді.
Халық қалаулысы Нұрлат Байгенже бұған дейін екі рет су деңгейі тексерілгені, енді Қызылорда қаласынан тәуелсіз су мамандарын шақырып, ғарыштық түсірімдер (космические снимки) арқылы халыққа нақты жауабын беруді айтты.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ 
29 қыркүйек 2021 ж. 230 0