"Бесарық" бастауыш партия ұйымының жиыны
Бесарық ауылдық округі Сыр еліне Жаңақорғанның Швейцариясы деген атаумен танымал. Өйткені саф ауасы, самал желі, шұрайлы жері, тауы мен бұлағы, сазды жыр-әні барлығы ауылдың келбетін көркейтіп, ажарын айшықтап тұрады.
Өнері мен спорты, мәдениеті мен экономикасы өркендеп келеді. Мұның бәрі ауылдағы ағайынның, жергілікті жұрттың еткен ерен еңбегі. Тұрғындардың белсенділігі кешегі праймериз кезінде де анық байқалды. Осындай берекелі елді мекенге арнайылап жол түсті.
«Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты "Бесарық" бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Партияның кезектен тыс ХХV конференциясына делегаттар сайлау мақсатында жиылған партия мүшелері дауыс беруге келді. Күн тәртібіндегі мәселенің мән-жайын "Бесарық" бастауыш партия ұйымының төрғасы Әлібек Абдуллаев түсіндіріп, делегаттар тізімін хатшысына оқытып, көпшіліктің дауысына салды. Төрт делегат, оның ішінде Талап ауылдық округінен де бар.
Жалпы дауыс беріліп, ауыл тұрғындары, ардагерлер пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын да жеткізді. Яғни ауылға қажетті мәселелердің рет-ретімен, мүмкіндік болса ертерек шешімін табуына тілекші.
Жиын соңында «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев сөз алып, елге еткен еңбегіне, атқарған қызметіне есеп беріп, әлі де алдағы межені еңсеруде бірлесе жұмыс жасау керектігін айтты. Өйткені ел үшін еңбек ету әрбір азаматтың борышы, басты міндеті. Осы бағытта бас партияның атқарып жатқан жұмыстары ауқымды. Ең бастысы, ел сенімін ақтап, тұрғындардың талап-тілегі орындалса болды.
Ауыл азаматтары қандай мәселе көтерді? Атқарылатын, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мақаланың толық нұсқасы газеттің алдағы санында жазылады...