№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аман жүрші, қарттарым

Аман жүрші, қарттарым


Осыдан 22 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.

Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат - аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалады.
Әлемде ең ұзақ өмір сүретін халқы бар мемлекет – Щвейцария. Оларда өмір сүру ұзақтығы – 82-83 жас. Ал зейнетақыға әйелдер 64, ер адамдар 65 жасында шығады. 60-тан асқан адамдар саны мемлекеттің 23 пайызын құрайды. Халықаралық зерттеулер нәтижесінде алғашқы ондыққа Исландия, Испания, Франция, Италия, Аутралия, Норвегия, Израиль іліккен. Оларда өмір сүру ұзақтығы – 81-82 жас. Қазақстанда өмір сүру жасының ұзақтығы 69 – жас екен.
Қазақ «қарттар – үйдің қазынасы» деп, үлкенді құрметтеген. Сондықтан қарттар үйі болмаған. Бүгіндері қария атына лайық адамдар азайып, қартайғанда қадірі кетті. Ертеректе жасы қырықтан асқан қазақ қарттыққа бет бұрып, немере бағып, елге үлгі боларлық іс атқаруға тырысқан. «Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең» деп жасы кішілер оларға құрмет көрсеткен.
«Төріңнен қарт кетпесін» деп, той-томалақты батасыз бастамаған, қариялардан бата алуға тырысқан.
Бұл үрдіс қазақ арасында әлі де болғанмен, сиреп барады, жаhанданудың салқыны тиіп жатқаны шындық.
Ата-әженің тәрбиесін алған балаға халықтың ықыласы ерекше. Ата–әже мектебінен өткен ұрпақ зерек те ерек болып, бүкіл елдің мақтанына айналатын. Қазақ әжесінің керемет образын қалып­тастырған бірегей тұлға – Абайдай дананы тәрбиелеген Зере.
Халық арасында қарттыққа қатысты аңыздар кең таралған. Соның бірін көпшілікке айтуды жөн санадым. Өйткені, бүгінгідей мейірім азайған заманда көпшілікке үлгі болар.
Бір күні хан жасы 60-тан асқан қарияларды күтіп-бағуға кететін қар­жыны үнемдеу мақсатында оларды өлтіруге жарлық шығарады. Әкесін өлтіруге қимаған баласын көріп, шал мырс етіп "Дәл жиырма жыл бұрын дәл осы жерде мен де әкемді өлтіріп едім. Басыма келді деп күледі. Мұны естіген жігіт әкесін сандыққа салып, бағады.
Бір күні жорыққа аттанар кезде сандықтағы әкесін бірге алып жүруіне тура келеді. Жолда шаршаған жауынгерлер бір дарияның жағасына келіп тоқтады. Сонда мөлдір су астында жатқан гаухар тасқа ханның көзі түседі. Оны алып шығу үшін терең дарияның түбіне сүңгіген сарбаздардың бірде бір қайтпайды. Сонда әкесі сыртта не болып жатқанын сұрайды. Баласы болған жайды, өзінің кезегі де келіп қалғанын айтады.
Сонда әкесі дарияның жағасында ағаш бар ма дейді? Баласы «ия» дейді. Сонда шал баласына: «Дарияның түбінен емес, ағаштың басындағы құстың ұясынан гаухар тасты табасың» дейді. Баласы дәл солай істеп, гаухар тасты әкеп береді. Хан жігіттен гаухар тастың ағаш басындағы ұяда жатқанын қайдан білгенін, неге ерте айтпағанын сұрайды. Жігіт амалсыз сандыққа тығып бағып жүрген жасы алпыстан асқан әкесінің кеңесімен тапқаннын айтады. Хан риза болып, қарияларды өлтіру туралы жарлықтың күші жойылғанын жариялайды. Содан бері халық арасында «алпысқа келгеннен ақыл сұра» деген нақыл сөз қалған екен.
Алайда, кейінгі кездері материалдық жағдаймен санасатын уақыт, яғни, үйде қарт адамның сыйлы болуы үшін оның зейнетақы алуы маңызды. «Күлшелі бала сүйкімді» дегендей, үйге табыс әкелетін адамға деген құрмет сол кезде еселей түседі. Қайбір жылдары түркіменбашы қарттардың зейнетақысын алып тастаған еді. Ол үйдің үлкен кісілерін баласы бағуы керек деді. Өте орыншы шешім секілді. Бәлкім, біздің елімізде де осы сынды жүйе енгізетін болса, көп дүние өзгерер ме еді?
Алма Сыздықова
28 қыркүйек 2021 ж. 449 0