№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні

1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні


Дүниежүзілік жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромымен дүниежүзілік күрес күні жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтіледі. Бүкіл әлемдегі адамдар АИТВ-мен өмір сүретін немесе АИТВ-мен ауыратын адамдарға қолдау көрсету үшін жиналады және ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болғандарды еске алады.
2020 жылы бүкіләлемнің назары COVID - 19-ға және оның адамдардың өмірі мен әл-ауқатына әсеріне байланысты болды. Болып жатқан пандемия денсаулық сақтау мәселесі теңсіздік, адам құқығы, әлеуметтік қорғау және экономикалық өсу сияқты басқа маңызды мәселелермен қаншалықты тығыз байланысты екенін тағы бір рет көрсетті. Сондықтан да биылғы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің басты тақырыбы - «Халықаралық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік». COVID-19 кез-келген пандемия кезінде барлығының қауіпсіздігі әркімнің қауіпсіздігіне байланысты екенін айқын көрсетті.
Адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауру - әлеуметтік маңызды бар аурулардың және басқаларға қауіп төндіретін аурулардың бірі.Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ-мен ауыратын пациенттерге терапевтпен, оның ішінде тар мамандардан қабылдау және консультация алу, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинациялау, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балалардың патронажы, жүктілікті жүргізу қолжетімді. Сондай-ақ тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, жоспарлы стационарды алмастыратын (күндізгі стационар), стационарлық көмекке кепілдік беріледі. Медициналық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына «Qoldau - 24/7» мобильдік қосымшасы арқылы жүгінуді сұраймыз.
2020 жылдың 10 айында Қызылорда облысында АИТВ жұқтырған 15 науқас анықталды, оның 9-ы ер адамдар, қалғаны әйелдер. Жалпы өңірде осы инфекциямен барлығы 177 адам тіркелген. Жыл басынан бері үш адам, оның біреуі бала қайтыс болды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты
ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
02 желтоқсан 2020 ж. 472 0