№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қарттарын ардақтаған ел бақытты

Қарттарын ардақтаған ел бақытты

Дана халқымызда "Қарты бар үй-қазыналы үй"-деген керемет сөз бар.Ия,қарттар- біздің асыл қазынамыз.Біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп,көңіл аударып,жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Еліміздің өсіп-өркендеуіне,бейбіт те тыныш өмір сүруіне және ауданымыздың гүлденіп көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген ардақты да аяулы қарттарымыздың мерекесіне арналып "Арман мәдениет үйінде" "Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман саумысың"-атты мәдени шара ұйымдастырылды.

Мәдени шара барысында қарттардың назарына қазіргі кездегі той өткізіп жүрген асабалар өнері ұсынылды.Ұлттық құндылығымызбен салт дәстүрімізді бойларына сіңірген дана қарттарымыздың жас буын асабаларға деген көзқарастары қандай және көңілдерінен шыға ма деген мақсатта ұйымдастырылған шарада ақылшы қартарымыздың ой-пікірлері мен тәлім-тәрбиелері ортаға салынды.Ардагер қарттармызға кент әкімінің құттықтау хаттары мен "Арман мәдениет үйінің" естелік сыйлықтарымен қатар , ақ дастархан жайылып құрмет көрсетілді.А.Тұртанов, Ж.Бегманова, П.Ауанов, А.Қалдыбаев т.б. қарттарымыз аталмыш шараны ұйымдастырып отырған "Арман мәдениет үйі" ұжымына ,алдағы уақытттарда да осындай игі бастамаларымен кент тұрғындарын қуанта беріңіздер деп алғыс сезімдерін жеткізді.
03 қазан 2019 ж. 872 0