№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ


1-қазанды біз жылы және жүрекжарды мереке ретінде атап өтіп, қарттарға деген жылылықты сезінеміз. Бұл күні бәріміз қарттарды қастерлеп, құрмет көрсетіп жатамыз, десек-те бұндай құрмет ерен еңбектеріңізбен адамгершілік және даналық қасиеттеріңіздің қасында азғантай ғана үлесіміз болып табылады.


Аға буындар және бүгінгі ұрпақтарыңыз сіздердің теңдесі жоқ ерлік істеріңізбен отансүйгіштіктеріңізді мақтан етеміз. Сіздің бойыңыздағы өмірге деген шексіз белсенділік, ерік-жігер бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болып табылады.Сіздің өз жасыңызға қарамастан өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп еңбек еттіңіз.Біз сіздің бай тәжірибеңізді жоғары бағалаймыз.Бүгін ерен еңбегіңізбен шыдамдылықпен төзімділігіңізге алғыс білдереміз.
Қариялар халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз «Қарттар бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керек, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз.
Олай болса, қарттарын қадірлеген ел ардақты демекші үлгі тұтар қартымыз, ауданға белгілі Жәнібеков Ақылбек өз еңбек жолын 1976-1997 жылдар аралығында аудандық, тұтыну кооперативінің төрағасы, 1998-2011 жылдар аралығында Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығының орынбасары, 2011-2017 жылдар аралығында аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры болып, 2017жылы аудандық прокуратураның «Құқық қорғау қызметтері орталығының» сервистік кеңесшісі, 2018 жылдан бастап Татуласу орталығының аудан бойынша «Халықаралық Медиация орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторы болып қызмет атқарып жүрген қартымыз өзіне жауапты жүкті арқалап әрдайым өз қызметіне асқан жауапкершілікпен қарайтын, білікті де білімді маман ретінде кәсіби міндеттерін адал атқарған жандардың бірі.
Тәжірибелі маман ретінде жас ұрпаққа үлгі бола біліп, өзінің еңбек жолында «Қазақстан Даңқы» орденімен, «Даңқ жұлдызы» орденімен, Қазқастан Республикасы Президентінің «Алғыс» хатымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Әлеуметтік Даму министірлігінің «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төс белгісімен, «Құрмет» грамотасымен, «Қазақстан мәслихаттарына 20-жыл» мерекелік медалімен, Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалімен, облыс әкімінің «Алғыс» хатымен марапатталған.
Бүгінде Жәнібеков Ақылбек отбасында 1 ұл 3 қыз тәрбиелеп отырға асқартау әке және немерелерінің сүйікті атасы.
Осы мерекеге сай аудандық соттың судьясы И.Тұңғышбаев қарттар күнімен құтықтап, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеп, әрдайым өскелең ұрпаққа үлгі болып жүре беріңіз деп аудандық сот ұжымының атынан жылы лебізін білдірді.

Ақпарат:Жаңақорған аудандық сотының бапасөз қызметі
02 қазан 2020 ж. 1 097 0