№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ХОРАСАН АТАДА БОЛҒАН ИГІЛІКТІ ШАРА

ХОРАСАН АТАДА БОЛҒАН ИГІЛІКТІ ШАРА

   Қазақстанға ислам дінінің туын тіккен Әбдіжәлел бабты зиярат етушілер саны артып келеді. Тіпті, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б. елдерден арнайы келетіндер бар. Осыны ескерген аудан әкімдігі мен баба ұрпақтары көктем келісімен кесене маңында көшет егіп, тазалау жұмыстарын жүргізеді. Биыл алыс-жақыннан келетін қонақтарға сапалы қызмет көрсету мақсатында қонақ үйдің тұсауы кесілді. Баба рухына Құран бағышталып, ас берілді.

  Рухани-мәдени жиынға алыс-жақын маңдағы Әбдіжәлел бабтың ұрпақтары мен сырбойылықтар жиналды. Алдымен "Хорасан ата қоғамдық қорының" президенті Ержан Уайсұлы сөз алды.
– Хорасан ата кесенесі маңында жылда жүргізілетін абаттандыру жұмыстарының нәтижесінде жаңарып, жаңғырып келеді. Енді облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың тапсырмасын сапалы жүзеге асырған аудан әкімі Ғалым Әміреевтің іскерлігінің арқасында қонақ үйдің есігі ашылды. Игілікті жұмысқа қожакенттік Изатулла Үсенов белсенді қатысқанын айту қажет. Бұл – туризмді дамытудағы ұтқыр қадамның бірі... – деді қоғам қайраткері.
  Расында, Әбдіжалел бабтың мәңгілік мекеніне айналған жер жасыл желекке оранып келеді. Онда 3000-нан астам жеміс және саялы ағаштар өсіп тұр. Бұған дейін баба басына зиярат етіп келген Бердібек Сапарбаев, Қырымбек Көшербаев, Әлихан Байменов сынды мемлекет және қоғам қайраткерлері жеміс ағашын отырғызып, көпке үлгі көрсетті. Одан бөлек облыс әкімі асфальт жолдың келуіне бастамашыл болды.
  Аймақ басшысының құттықтауын ала келген облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов:
– Ұлы даланың ислам дінінің қақпасы саналатын Өзгент қаласы аймағында келелі іске куә болудамыз. Әрине, мұндай игілікті іске аймақ басшысы бей-жай қарамайтынын жақсы білесіздер. Қырымбек Елеуұлының қамқорлығының арқасында "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасына енген тарихи маңызды орын жаңарып, жаңғырып келеді.
Әбдіжәлел баб түркі дүниетанымына сай Ислам дінін таратқан ғұлама ғалым. Сондықтан бабаның дәстүрлі жолды жаңғырту маңызды, – деді.
  Шараға Алматы, Ақмола, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан Түркістан облысынан, Шымкент, Көкшетау, Алматы қаласынан және т.б. жерлерден баба ұрпақтары арнайы келіпті. Мінбеге ақтөбелік Төрехан Жәдігерұлы мен атыраулық Сахибиден Бекенов көтеріліп, ойларымен бөлісті.
  Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Байменов тұлғаның тарихтағы орнына тоқталып:
– Адамзаттың дамуында діндердің орны зор. Ал, адамгершілікке, адалдыққа үндейтін Ислам дінін Қазақстанға алып келген Хорасан атаның еңбегі ерен. Оның дәлелі, 1300 жыл өтсе де Ислам діні қазақ халқын адамдыққа бастап келеді. Жалпы, бабаның ұрпақтары мақтанудан бұрын жауапкершілікті сезінуі қажет. Баба Ұлы дала еліне ортақ тұлға. Оны меншіктеумен даңқын кішірейтпеу керек, – деді.
Туризмге қолайлы жағдай жасайтын қонақ үйдің тұсауын облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов, Астана мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Мұхамедияұлы, аудан әкімі Ғалым Әміреев пен қадірлі ақсақал Ибадулла Байхожин кесті. Ақын Әбілхайыр Сыздықов баба рухына арнау оқыса, ауданның бас имамы Сайдулла қажы Омаров Құран бағыштады.
Одан кейін қонақтар 18 адамды қабылдайтын қонақ үйдің бөлмелерін аралап көрді. Биыл да көшет отырғызу дәстүрі жалғасты. Қонақтар тазалау және ағаш отырғызу жұмыстарына белсенді кірісті. Олардың арасында "Шалқия Цинк ЛТД" АҚ бас директоры Асқар Джаукенов болды.
  Біз қонақ үйдің салынуына белсенді атсалысқан Изатулла Үсеновты сөзге тартқан едік.
– Бірінші кезекте баршаңызды Ұлы Дала елінің ұлық мерекесі – Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын. Ата-бабамыз ықылым заманнан бері Наурызды жақсы ниетте қарсы алып, Жаратқаннан елдің тыныштығы мен халықтың бірлігін тілеген. Міне, бүгін осындай айтулы мерекеде жылдағы дәстүрге сай Әбді Жалил баб ұрпақтары алыс-жақыннан жиналып, бәтуәлі істің бастамашысы болуда. Өздеріңізге белгілі, Орта Азия мен Қазақ даласының Тұран аймағына тұңғыш Ислам дінін насихаттаған ғұлама ғалым Абд-әл – Жалил баб – Хорасан ата. Осы орайда, өткенімізді өзіміз тануымызбен бірге, бабалардың өнегелі жолын қазіргі ұрпаққа насихаттау ләзім, – деді меценат кәсіпкер.
Осылайша шұғылалы көктемнің шуақты күнінде тал отырғызылып, кесене маңын тазартып, тазалықты ту еткен баба ұрпағының басты мақсаты – елі бақытты, жері гүлденген, Тәуелсіз Қазақстанды Мәңгілік ел ету жолында аянбай тер төгіп, дін ғұламасы Әбдіжәлел баб есімін ел арасында кеңінен насихатталуына себепкер болу еді.

Ерлан РАЙЫМБЕК.

27 наурыз 2019 ж. 920 0