«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Базардың бағамы қалай?

Базардың бағамы қалай?


Кеше кешкісін дүкенге барғанмын. Сатушы нанның бағасы 10 теңгеге қымбаттағанын сүйіншіледі. Әсілі, ел аман, жұрт тыныш заманда нанның бағасы қымбаттағанынан қорқатын болдық. Олай болмағанда ше, нансыз ас нәрсіз! Ал, нанның бағасы ырыққа көнбей барады. Бұлай қымбаттай берсе...

Биыл картоп пен сәбіздің бағасы рекордтық көрсеткішке жетті. Өзімізден өнідірілетін өнімдердің бұлай шарықтап кететініне әлі де таңымыз бар. Мәселен, бидай, күріш, пісте майы, макарон Қазақстанда шығарылады, бірақ бағасы көрші елдерден келетін тауарлардан әлдеқайда қымбат. Ал, сүт өнімдері, құрт, ірімшік, айран бағасы да қарыштап барады. Дәл қазір қияр мен қызанаққа сұраныс артып тұр. Өйткені, қысқа дайындық ретінде салат басу науқаны қыза түсті. Бұл түсінікті, азық-түлік былай тұрсын қазір мал азығының да бағасы жетісіп тұрғаны шамалы. Осыны бір ескеріп, базар жағалап қайтқан едік.
Бірінші картоп бағасын сұрадық, бұрындары Алматы, Нарынқол немесе Шымқаладан келетін болса, қазір Ресейден тасымалданатын болған-ау. Бағасы 160 теңге, сәбіз 200 теңгеден пұлдануда. Қияр бағасы 200-250 теңге аралы болса, қызанақ да сол бағадан сатылымда. Күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы құбылып тұратыны түсінікті. Бірақ ұн бағасының жылда көтерілуі жанға батады. Сылтау көп, бензин қымбат, доллар өсті және тағы сол секілді. Алыпсатарлардың да уәжі бар, олар да бағаның тұрақсыздығы шағын кәсіптеріне кері әсерін тигізетінін айтады. Өйткені, тауар бір күнде қамбаттап кетсе тұрғындар алмай, ол зат біраз уақыт тұрып, жарамсыз болып қалуы мүмкін деп мұңданады. Ол да жөн, қалай десек те бақылау әлі де жоқ.
Өткен айдың соңында аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова осы мәселеге байланысты жиын өткізіп, нақты тапсырма берді. Сонда облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевтың сөзінен тұрақтандыру қоры мен баға мониторингі бойынша есебінде жыл басынан әлеуметтік азық-түлік тауарларының 15 өніміне баға жоғарылап, 3 өнімге баға төмендегенін естідік. Бұл цифр ғана, көзге елене бермейтін қаншама өнімнің бағасы өскенін іштеріңіз біліп отырған болар.
Ал, баға өсудің себебін бас агроном түсіндіріп те берді. Сондықтан, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін облыстың тұрақтандыру қорынан тауарлық интер-венциялар жүргізу, сондай-ақ «айналым» схема бойынша бағаны тұрақтандыру механизмі аясында заем беру арқылы шаралар қабылдануда екенін жеткізді. Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова азық-түлік бағаларына тұрақты мониторинг жүргізіп, негізсіз баға көтеруге жол бермеу керек екенін қатаң ескертті. Тұрақтандыру қоры жұмысын бақылауға алып, әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларының жеткілікті болуын бақылауға алуды тапсырды.
Бұл берілген нақты тапсырма, осыған байланысты қадағалау, бақылау болуы заңдылық. Енді ауданға оралайық, ауылшаруашылығы бөлімінің берген ақпарын бір шолып шығайық. 1,5 жыл бұрынғы нарық бағамымен бүгінгі бағаны зерделеп шыққан екен. Соның ішінде күріш, жұмыртқа, қант сынды өнімдердің бағасы тұрақты. Бірақ, макарон, күнбағыс майы, картоп, сәбіз пияз бен еттің құны 50 пайыздан аспаса кеміген емес. мәселен, күбағыс майының литрі былтыр 320 болса, биыл 630 теңгеден сатылуда, 100 теңгеден пұлданған картоп биыл 160-200 теңгені көрсетіп тұр, сәбіз де 210-220 теңгеден нарыққа шыққан. Еттің жыры бөлек, 1 келі еттің бағасы 1800-2000 теңге болса, қазір 2500-ге жетті. Қазақ ет жемесе көңілі көншімейтін халық қой. Әсіресе, қонақ келгенде қазанға ет салмасақ болмайды, бұл біздің жаратылыс. Ал, қонақ күнде келмесе де, аптасына 2-3 мәрте келетіні түсінікті. Күнделікті тағамға қосатын етіңіз бар, қонаққа асатын ет бар, енді есептеңіз. Әрине қалтаға салмақ түсетіні айдын анық.
Орталықтағы «Нұр» базарына, «Заңғар», «Береке», «Ғани» сауда үйлеріне арнайы соғып, базар бағасын қағазға түртіп алдық. Бірақ сүйіншілейтін баға көрмедік, көрші өңір, одан әрі шет мемлекеттен келетін тауарлардың арзандапты дегенін естіген емеспіз.
– Қазір бір айлықпен күн көру мүмкін емес, ол айтылмаса да түсінікті. Алған жалақының тең жартысы азық-түлікке кетеді. Жалпы шүкір деуге болады, барлығы базарда бар, тек бағаның өзгеріп, құбылып кететіні қиын. Арзандамайтыны түсінікті, тек шамадан тыс шарықтап кететіні қынжылтады. Осыған бақылау болса деген тілеуіміз бар. Саудагерлерді кінәлап тұрғаным жоқ, олар делдал, фермерлер мен халық арасын жалғайтын көпір деуге болады, – деді алпысты алқымдаған Аманқожа қария.
Елдіңде, сатушылардың да, жоғары биліктің де айтарын тыңдадық. Бізден де бір ұсыныс, ауданда неге жылыжайларды көбейтпеске. Әсіресе, қыс мезгілінде бақша дақылдарының құны аспандап кетеді. Бірақ, жылыжай шаруасына мемлекеттен көңіл бөлінбейтінін білеміз. Сонда да бақша дақылдарын қолға алу тиімді тетік, бір ғана қызанақтан қаншама пайда табуға болады. Иә, біз көкейдегіні айттық, қалғаны көптің еншісінде.
Әлібек ТЕМІРБЕК
22 қыркүйек 2021 ж. 374 0