№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Картоп пен сәбіз арзандады ма?

Картоп пен сәбіз арзандады ма?


Биыл әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлерінің бағасы ырыққа көнбегені белгілі. Әсіресе, картоп пен сәбіздің нарықтағы құны 5-6 есеге дейін қымбаттады. Өтпелі кезең деп өз-өзімізді жұбаттық. Шыны керек, жалақы мен зейнетақыға үстеме қосылса немесе бензин бағасы көтерілсе базар бір теңселетініне үйреніп те қалғанбыз. Әрі оған долларды бір жазғырып, алыпсатарларды бір кінәлап қоюшы едік. Бұл жолғы қымбатшылыққа бұлардың соншалықты әсері болды дей алмаймыз. Бұл жөнінде сарапшылар мен экономистер жеріне жеткізіп талдады. Маңыздысы бұл емес. Картоп пен сәбіздің бағасы арзандады ма?


Алдымен сауда және интеграциялар министрі Бақыт Сұлтановтың картоп пен сәбіз бағасына қатысты болжамына назар түрейік.
– Картоп мәселесіне келсек, көршілес Өзбекстанда да осындай проблема болды. Шын мәнінде қалыптасқан бағаның бір бөлігі біздің импорттауымыздан пайда болды, өйткені көрші Өзбекстан да, көрші Ресей Федерациясы да сұраныс тудырды. Қазіргі уақытта картоптың бағасы өзгергенін және арзандап жатқанын көріп отырмыз. Күзде де айтарлықтай бірнеше есеге төмендейді деп күтеміз, – деді министр.
Оның айтуынша, сәбіз бойынша да осындай жағдай. Биыл сәбіз өнімі жетіспеушілігі барлық жерде байқалады, оған егіс алқаптарының қысқаруы себеп болды деген пікірін алға тартады.
– Біздің мемлекеттік органдар елдегі инфляция 7,5 пайыз құрайды дейді. Бірақ базарлар мен дүкендерге барсаңыз, мүлдем басқа көрініске куә боласыз. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың 17-сінің бағасы айтарлықтай аспандап кетті. Атап айтсақ, сәбіз бен картоп – 69-73 пайызға, күнбағыс майы – 19 пайызға, пияз, қант, қарақұмық жармасы – 9-10 пайызға, сүт, ұн – 2-3 пайызға қымбаттады, – деді Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов.
Ал, ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров азық-түлік бағасының өсуіне әсер ететін факторлардың бірі ретінде алыпсатарлардың қызметін айтты.
«Бүгінде картоп егістікте 150 теңге, ал сауда орындарында 300-350 теңге тұрады. Яғни алыпсатарлар бағаны көтеріп отыр. Алайда сауда үстемесі сатып алу бағасының 15 пайызынан аспауы керек. Бұл жерде жергілікті атқарушы органдар жағдайды бақылауға алып, жұмыс істеуі керек, – деді А.Сапаров. Бұл жоғары биліктің халыққа түсіндіргені, ал бізде ше?
Біздегі ахуал қандай?
Бізде биыл бақша дақылдары жоспарлы мөлшерде егілді, барша бақша дақылының көлемі 3000 гектардан асады. Бірақ, біз басымдықты күрішке береміз. Оның шығымы жақсы болғанымен, суды көп қажет етеді. Есесіне, картоп пен сәбізге мән бермейміз. Әйтпесе бақша өнімінен де мол табыс табуға болады. Кенттегі ірі сауда үйлері мен базар және дүкендерде баға жобалас. Осыдан бір ай бұрын төл басылымға «Бағаны ырықтандыру – ынсаптың ісі» деген мақала жариялаған болатынбыз. Ол кезде картоптың келісі – 250 теңге болса, қазір 150 теңгеге түсіпті. Сол секілді сәбіз 420 теңгеден 310 теңгеге арзандаған, тек қияр қайта шарықтап барады, оның келісі – 250 теңгеден пұлдануда. Пияз бен қызанақ бірқалыпты. Сұйық май, нан өнімдерінің бағасы бір көтерілді, содан төмен түспеді.
Жоғарыда шенеуніктер бағаның құбылмалы болуына саудагерлер кінәлі екенін айтты, онда неге оларға бақылау болмайды деген сауал туындайды. Мәселен, біздегі сауда үйінің иелері сырттан келетін тауардың шекті бағасы жоқ екенін алға тартады. Бірден көтеріліп кететінін жеткізді. Оған біз дайын болғанымен халық дайын емес дейді алыпсатарлар. Бірақ, қазір халықтың көзі ашық, көкірегі ояу, сондықтан нақты жауап та болғаны дұрыс. Базар аралап, аудан тұрғындарының пікіріне мән беріп тыңдадық.
– Осыдан 5-6 жыл бұрын 20 мың теңгеге бір айлық болмаса да, екі-үш апталық азық алып қоятын едік. Қазір бұл қаржыға көп зат ала алмайсың. Бір қап ұн, бес литр сұйық май, 3-4 келі ет аласың, болды. Ал, қалған тауарға қалтаңда қосымша қаржың болмаса болмайды. Не деген сұмдық?! Барлығы қымбаттап кеткен. Әсіресе, картопты айтсаңшы. Мұғалімдердің айлығы өсті, дәрігерлер де еңбегіне сай нәпақасын тауып келеді, қалған тұрғындар не істемек? Мынадай баға қалтаны қағып қана қоймай, өмір сүру сапасын да нашарлатанын анық, – деді Әшіркүл Анарбекқызы.
Үкімет әлеуметтік маңызды 19 тауар түріне шекті баға бекітілген. Бұған ұн, құмшекер, бөлке нан, қарақұмық, күріш, айран, сүт, шемішке май, сары май, сүзбе, қолдың сары майы, картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат, тұз, ет, тауық еті, жұмыртқа және т.б кіреді.
Иә, сатушының да, алушының да уәжін тыңдадық.
Қымбатшылыққа байланысты қандай шара қолдануға немесе бақылауға болады. Бұл жөнінде ауылшаруашылығы бөлімінен сұрағанда, әзірге тиісті мамандардан жауапты ала алмадық.
Бір білетініміз, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішінде, картоп пен сәбіз сырттан тасымалданады.
19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық – түлік қауіпсіздігін және бағасын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы кент орталығында орналасқан «Магнит» сауда үйі және «Табыс» дүкені иелері 10,0 млн.теңге қаражат айналымы үшін «заем» алуға «Байқоңыр» ӘКК АҚ» мен келісімге келген. Алдағы уақытта осы екі сауда орнынан арзан азық-түлік түрлерін алуға болады.

Әли ТЕМІРБЕК
31 шілде 2021 ж. 2 498 0