№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мерейлі отбасы – мемлекет мерейі

Мерейлі отбасы – мемлекет мерейі



         Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен өткізіліп келе жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өткізіліп келе жатқанына биыл жетінші жыл. Жарасымды жанұя құрып, өнегелі өмір сүрудің үлгісін танытатын, қазақтың қарашаңырағының қошеметі мен қадіріне қылаң жуытпай, тағылым талабымен танылып келе жатқан отбасылар тұрмысын таразылап, құрмет биігіне шығаруға бағытталған аталмыш байқауға биыл өңіріміз бойынша 1500 отбасы өтініш білдірсе, соның 182-сі бақтарын сынады.
           Ақтық мәреде аты озып келген үлгілі отбасыларды облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова арнай қабылдап, атаулы номинациялармен жүлделі орындарын табыс етті.
           Наминациялар қатарында «Рухты отбасы», «Ұлағатты отбасы» және «Ынтымақты отбасы» иелері анықталумен қатар бас жүлде және үш үздік орынға лайықтылар анықталды. Жүлделі бірінші орынды жеңіп алған Сунақата ауылындағы Түкібаевтар отбасының мерейі басым түсіп, ауданымыздың атын асқақтатты.
           Шаңырақ иелері Амангелді Түкібайұлы мен Байтемірова Пернекүл апамыз жастайынан колхоздың шаруашылығында еңбек етіп, көпке үлгі болған жандар... Екеуі 13 перзент өсіріп-тәрбиелеген. Саналы ғұмырында мал шаруашылығына арнап, адал тер төккен қос қарияның қатар тұрып, бел шешпей қайрат қылған кезеңдері ұл-қызының өміріне де терең ізін қалдырып, оларды бейнеткештікке не тауқыметті болса да жеңе білер төзімділікке, ерік пен жігерге, бастысы еркіндік пен еңбекқорлыққа тәрбиелейді. Ата-ана өсиетін арқаланып, бір-біріне демеу болып өскен көп балалы отбасында тәрбиеленген ұландар халық қызметінің сан саласында абыройлы қызмет атқарып келеді.
         Адал еңбегінен баян тауып, барақатты ғұмыр кешкен отбасында бірінші қажеттілік – тұрмыстық хал-ахуалдың тұрақты болары белгілі. Есік алдына егісін егіп, қорасында малып өсіріп, ата-кәсіптің артық тұстарының бағын жандыра білгенге ел іші – ырыс пен берекенің бесігі.
         Қала өмірінде өркениет ордасы, жайлы өмір, жаңаша тұрмыс салтанат құрғанымен ата жұрт – ауылы артта қалған тыл секілді, одан біржолата қол үзуге қазақтың жүрегі дауаламайды. Мұны кешегі пандемия ахуалы алғаш туындаған кезде жете сезіндік. Қаладағы ақсаусақ ағайын өндіріс, кәсіпорын карантинге жабылып, жабығыңқы күй кешкенде біразына ес иіріп, ауылға келіп, бір-бір шаруаның шаужайына жабысқанын көз көрді. Ауыл – ырзықтың кені, қара жер еңбек еткеннің қолын құр қоймайтын мейірлі мекен екенін екінің бірі мойындады.

                                                                                                                                               Баян Үсейінова
17 қыркүйек 2021 ж. 459 0