№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жылыту маусымына дайындық қалай?

Жылыту маусымына дайындық қалай?


Күн артынан күн, ай артынан ай қуып, күзге де жеттік. Бұл – дала еңбеккері ризық-несібесін жерден айырып, төрт түліктің төлін санайтын берекелі мезгіл. Бәрінен бұрын, қыстың қамын жасап, көмірін түсіріп, көгілдір отынды қосуға дайындалады. Егер шіліңгір шілдедегі аптап ыстық қытымыр қаңтарда айналып келетінін ескерсек, қамданудың маңызын түсінеміз.


Сала мамандарының сөзінше, ауданда әлеуметтік-мәдени маңызы бар 144 мекеме болса, оның 100-ы қатты отын, 21-ы сұйық отын және 23-і газбен жылытылады. Білім саласы бойынша – 72, мәдениет саласы бойынша – 31, денсаулық саласы бойынша – 36, спорт саласы бойынша – 5 мекеме жұмыс істейді.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Сапарбаевқа жолығып, қажетті сұйық отынның 80 пайызы жасақталғанын білдік.
– Жылу беру маусымында әлеуметтік ұйымдар бойынша 5900 тонна қатты отын, 841 тонна сұйық отын пайдалану жоспарланған. Бүгінгі таңда әлеуметтік-мәдени нысандары қатты, сұйық, газ отынын алуға келісім шартқа отырды. Аудан орталығында 2 отын қоймасы орналасқан. Отын қоймаларына 7500 тонна қатты отын жеткізілді. ЖК «Жаңа-Тас» арқылы аудан тұрғындарына 1500 тоннаға жуық қатты отын босатылды. Қоймалардағы отын қалдығы – 6000 тоннаны құрайды. Қыркүйек айының соңына дейін 2000 тонна көмір тағы қоймаларға жеткізіледі деп күтілуде. ЖК «Жаңа-Тас» арқылы сатылып жатқан «Шұбаркөл» маркалы көмірдің тоннасы – 14650 теңге болса, ЖК «Тұрғанбаев.Ж» арқылы сатылып жатқан «Жалын» маркалы көмірдің тоннасы 15000 теңге. Жылу беру маусымында халықты қажетті қатты отынмен қамтамасыз ету мақсатында отын қоймаларында көмірдің бар-жоқтығына күн сайын монитторинг жүргізілуде, – дейді ол.
Бөлім басшысының айтуынша, мау­сымның қалыпты өткізілуін қам­тамасыз ету бойынша штаб мүшелері және «Қызылорда энергия сараптама» ЖШС өкілімен ауданда орналасқан бірқатар әлеуметтік нысандардың (№162, №53, №223, №51, №110, №163, №125, аграрлы-техникалық колледж, «Болашақ», «Алпамыс»,
«Ақбота» балабақшасы, аудандық емхана және аурухана, Төменарық ауруханасы) күзгі-қысқы кезеңге дайындығына тексеру жұмысы жүргізілді. Қалған нысанға тексеру жұмыс кестесі бойынша атқарылып жатқанын жеткізді.
Тексеру барысында мекемелердің жылу қазандығының жабдықтарына техникалық күтім жасалмаған, өлшеу құралдары (манометр) тиісті мемлекеттік тексеруден өткізілмеген (№162, №53, №51, №163, №125, Болашақ, Алпамыс, Ақбота), отын қоры алынбаған, қазандық ғимаратында ауа айналым жүйесі қарастырылмағаны және өрт қауіпсіздігі жүйесінде кінәраты бары анықталды. Төменарық ауруханасының отын сақтау қоймасы жарамсыз жағдайда екені белгілі болды. Мекеме басшыларына жылу беру маусымының басталуына дейін аталған кемшіліктерді жою бойынша шұғыл шараларды қабылдау тапсырылыпды.
Сондай-ақ, сала мамандары биыл қатты отынға аздап тапшылық туын­дайтынын айтуда. Бұл жөнінде біз жеке кәсіпкер Жаңабек Тұрғанбаевпен тілдестік.
– Қазіргі таңда қоймада белгіленген мекемелерге жететін көмір бар. Ол «Жалын-Көмір» ЖШС-гі арқылы жет­кізілді. Алайда, биыл көмір жет­кіліксіз болып тұр. Жан-жаққа хабар­ласып, тиісті шараларды қолданып жатырмыз. Айдың аяғына дейін көмір келе бастайды деп отырмыз. Алдымен қатты отынмен әлеуметтік нысандарды, сосын жеке азаматтарды қамтамасыз етеміз. Биылдыққа жеке тұрғындар үшін көмірдің тоннасы қанша теңге болатынын айта алмаймын. Әуелі қоймамызға көмір келсін, сосын көпшіліктің қалтасына аса қатты салмақ салмайтын бағаны шығарамыз, – дейді кәсіпкер.
Әйтеуір, қарапайым халық көмір іздеп сабылып, өзге аймақтарға иек артпаса болғаны. Ал, көгілдір отынның мән-жайға қанық болу үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жаңақорған газ шаруашылығы филиалының басшысы Сұлтан Сәрсеновке хабарластық.
– Бүгінге дейін бірқатар мекемені газға қосып, жылу мәселесін шештік. Кенттегі 5024 үйге газ кірді. Бұл 95 пайызды құрайды. 154 комуналды аймақ, 22 өндірістік аймақ газдалып отыр. Қазір газ қазандықтары мен мұржаларын тексеру жұмысы жүріп жатыр. Бізде екі компания «АлауГазАймақ» және ТОО «ГазРеМонтаж» осы бойынша жұмыс істейді. Газ қауіпсіздігі, газды пайдалану ережесіне сай халыққа түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Жылу барлық мемлекеттік мекемеде 15 қазанда қосылады деп күтілуде, – деді сала басшысы.
Жылу – жергілікті құзырлы органның қаулысымен беріледі. «Қызылорда облыстық мәслихаттың өңірдің жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидатына» сай әр жыл сайын жылу маусымын жариялайды. Қаулыда «бес тәулік бойы сыртқы ауаның орташа температурасы +8 С және одан төмен немесе сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуі туралы болжам болғанда қала және аудан әкімдері тиісті өкіммен жылу маусымының басталғанын жариялайды» делінген.
Қорыта айтқанда, биылғы жаздың аптап ыстығы қыстың қытымыр аязына ұласатынын синоптиктер де, қариялар да болжаж жасап отыр. Ендеше, қыстың аязды күні алыс емес екенін ескерсек, қысқа дайындықты бүгіннен бастаған жөн болар. Сақтықта қорлық жоқ, демекші қысқа дайындық жұмыстарына бей-жай қарамайық. Себебі, қыс қаһарына мініп келгенде көмір қымбаттап, тапшы болатыны тағы бар.

Әсел РЗАЕВА
14 қыркүйек 2021 ж. 464 0