№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ауылдың гүлденуі – елдің гүлденуі

Ауылдың гүлденуі – елдің гүлденуі


Аудан әкімі Руслан Рүстемов әкім болып келгелі елді мекендерді аралаудан шаршаған емес. Жұмыстан бос саңылау тапса ауылдағы ағайынмен пікірлесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын сөз етіп жүреді. Жақында тау беткейдегі ауылдық округтер – Ақүйік, Шалқия, Қырашқа арнайы барып, атқарылып жатқан халықшыл істерді ортаға салған-ды. Бұл жолы Екпінді, Сунақата, Қожамберді, Төменарық, Сүттіқұдық ауылдық округіне жол тартты.


Бұған дейін бұл елді мекендерге үш рет арнайы келді. Соңғы сапары сәуір айының алғашқы күндігіне сәйкес келіп, кездесуде бірнеше ұсыныс-пікір айтылған-тұғын.
Енді шешімін тапқан мәселелердің бірқатарына тоқталсақ, Шиелі ауданының су шаруашылығы мекемесінің теңгеріміндегі Екпінді ауылынан ететін К-3 қашыртқысын қазу, тазалау жұмыстарына қазіргі таңда облыстық бюджеттен қаржысы қаралып, шешілген. Қыркүйек айынының аяғында каналдың суы тартылғаннан кейін тазалау жұмысы жүргізеледі.
Облыстық бюджеттен жалпы құны – 76,8 млн теңгені құрайтын 8 дана СНП-500/10 насос қондырғысы алынған, соның 1 данасы Екпінді ауылдық округіне бөлінді.
«Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» аясында аудандық бюджеттен 4,9 млн теңге қаралып, оған Екпіндіде тренажерлық (жаттығу) алаңын салу және 1,9 млн теңгеге 100 кВа трансформатор алуға қаржы бөлінді.
Сунақата елді мекенін тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету үшін жаңадан орнатуға 1 жиынтық КТПН 160/10-0,4 КВ алуға 1,9 млн теңге, Ю.Гагарин көшесін (ұзындығы 0,65 км) орташа жөндеуге 11 млн. 680 мың мың теңге бөлінді. Сонымен қатар, Сунақата елді мекенін сумен жабдықтау желісін қайта құру және кеңейту» жұмыстарына ҚР Ұлттық қордан 265 млн 316 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүруде. Жыл соңына дейін аяқталатын болады. Ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі.
Ал Қожамберді ауылдық округіне аудандық бюджеттен М.Көкенов көшесі (ұзындығы 0,74 шақырым) мен М.Шадиков көшелерін (ұзындығы 0,81 шақырым) жөндеуге 20,6 млн. теңге бөлініп, асфальт төселді.
Елді мекенде тренажерлық (жаттығу) алаңын орналастыру жұмыстарына 4988 мың теңге, барлығы 6443 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүруде.
Төменарық ауылдық округінің тұрғындары үшін биыл қуанышты жыл болды. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Төменарық ауылдық округіне 6,49 шақырым құрайтын 8 көшесіне (Д.Нұрпейсова, Алтыбаев, Пашаев, Елтай 2, Р.Құдайбергенов, М.Мақатаев, Ә.Молдағұлова, Б.Момышұлы) ас­фальт­талады. Асфальт төсеу ауыз су желісі біткен көшелер бойынша жүргізіле береді.
«Жаңақорған ауданы, Томенарық елді мекенін сумен жабдықтау желісін қайта құру және кеңейту» жұмыстарына ҚР Ұлттық қордан 412 млн 097 мың теңге бөлініп, жұмыс қарқынды жүруде. Жыл соңына дейін аяқталатын болады.
Ауыл тұрғындары атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, халықпен емін-еркін пікір алмасатын аудан әкімі Руслан Рүстемовке алғыс білдіріп, бастамалары елдің игілігіне айнала беруіне тілектестік білдірді.
– Біздің алдымызда салық базасын кеңейту, шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыссыздықты азайту міндеті тұр. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу арқылы ауылдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыра аламыз. Ал, ауылдың гүлденуі – елдің гүлденуі. Міне, біз елдің дамуына осылай үлес қоса аламыз, – деді аудан басшысы.
Кеше аудан әкімі Руслан Рүстемов Көктөбе, Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе ауылдық округін аралап, Жолдаудан туындаған басымдықтарды түсіндіріп, атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
07 қыркүйек 2021 ж. 458 0