Әрекетсіз әкімдер, берекесіз тірліктер
Мәжілістің төртінші мәселесі – Жаңақорған кенті, Төменарық, Келінтөбе, Аққорған, Қожакент, Өзгент, Сунақата, Жаманбай батыр ауылдық округтеріндегі хаттамалық тапсырма мен орындаушылық тәртіптің орындалу барысы туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Ахметов баяндады.
Баяндамада актуалды мәселе орынды көтерілді. Оған ешкім дау айта алмады. Соны сезген бойда аудан басшысы сөз кезегін өзі алды. «Хабарламаны тыңдадыңыздар, слайдты көрдіңіздер! Осының барлығына келісесіздер ме? Менікі мынадай емес, болмаса мынаусы өтірік дейтіндеріңіз бар ма?
Мынау енді сұмдық жағдай! Құжаттарды сауатсыз дайындау белең алып барады. Мен кейде сіздерді қорғап бақылау органдарына ренжитін едім, неге ұсыныс жаза береді деп. Сөйтсем, барлық кінә өзімізден екен.
Слайдта көргендей, 37 ұсыныстың 11-і Шалқия кентінде екен, әкімі бар ма, тұрыңыз орныңыздан! Заңгер маманыңыздың деңгейін мойындайсыз ба?».
– Иә, мойындауға тиіспін, – деді Әбдімәулен Сабырханов.
– Мойындасаңыз, маманның қызметтік мәселесін қарау керек! Бір ай мерзім уақыт беріледі. Ондай маманның бізге қажеті жоқ. Мемлекеттік қызметшілерге қысқарту келіп, жауапкершілігі, сауаты бар мамандардан айырылып қаламыз ба деп жүрміз. Ал, сіздер біліктілігі жетпейтін мамандарға бекерге мемлекеттің қаржысын төлеп келесіздер. Осы дұрыс па, жұмыс жасамайтын болса қызметті босатып, орнына білікті мамандар барсын!
Қыраш ауылдық округінің әкімі Бақытжан Қанжарбекұлы, сіз жаңадан келіп жатырсыз. М.Нәлібаев ауылдық округінің әкімі Өмірбек Жұмабекұлы сізге не болған, заңгер маманыңызды қадағалауға өреңіз жетпей жүр ма? Екеуіңізге 10 күн мерзім беремін. Заңгердің тәртіптік жауапкершілігін қарап, шара көруге тиістіміз. Алдағы уақытта осылай қайталанатын болса, сіздердің де тәртіптік жауаптылықтарыңыз қаралатын болады, – деді Руслан Рүстемұлы.
Бүгінгі таңда елді мекендерде тазалық мәселесі талапқа сай емес. Жалпы, тазалық ауылдың айнасы болу керек. Ауылдың тазалығынан ауыл әкімінің деңгейін көруге болады. Ендігі кезекте ай сайын рейд ұйымдастырып, оның нәтижесін талқылап отырамыз. Баяғы дәурен келмеске кетті, қазір ақпараттың дамыған заманы, өз кемшілігімізді өзіміз түземейтін болсақ, әлеуметтік желі пайдаланушылары сынға алудан тартынбайды. Әсіресе, Жаңақорған кентінің тазалығы талап үдесінен шықпай тұр.
– Кәне, Жаңақорған кентінің әкімі Сардар Садықов, Жаманбай батыр ауылдық округінің әкімі Әлібек Абдуллаев, Келінтөбе ауылдық округінің әкімі Абылай Досжанов, бұл мәселеге қандай сылтау табасыздар?
Сардар, сізге кеше ескерттім, күнделікті жағдайда кент орталығында болу керек! Сонда ғана жұмысыңыз көрінеді. Тазалыққа бөлінген қаражат бар, жеңіп алған кәсіпкер бар, екі орынбасарыңыз тағы бар! Тек дұрыс ұйымдастыру және бақылауды күшейту керек!
– Түсінікті Руслан Рүстемұлы, тазалыққа қатысты тендер жеңімпазын өзара келістіріп, ауыстырып жатырмыз, – деді кент әкімі.
– Келінтөбенің әкімі жаңадан келіп, үйрене алмай жатыр дейік. Абдуллаев жолдас, саған не жоқ? Басқа әріптестеріңнен қай жерің кем? Үшеуіңізге 3 күн уақыт беремін! Кемшілікті жойып, тазаланған жерді суретке түсіріп, аппараттың бас инспекторларына жолдайсыздар! Орындай алмасаңыздар, өздеріңе өздерің өкпелеңдер! Түсінікті ме?
Хабарламада айтылған заңгер, салықшы мамандарды оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарыңызды алдын ала талқылап, содан кейін шешім қабылданатын болады.
Мәжілісте берілген тапсырманың барлығы хаттамаға енгізілсін, орындалуын өзім бақылаймын.
Орындаушылық тәртіпті жетілдіру мақсатында қыркүйек айындағы әкімдік мәжілісіне Шалқия кенті, Сүттіқұдық, Ақүйік, Қыркеңсе, Жаңарық, Кейден, Қаратөбе, Байкенже ауылдық округтері мен Жаңақорған кентін қайта шығаруды тапсырамын! – деді әкім.
Мәжіліс соңында әскерге күзгі шақыру науқанына немқұрайлылық танытқан кент, ауыл әкімдері сынға алынды. Бұл туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының уақытша міндетін атқарушы Жасұлан Шаңқұлов хабарлады.
– Әскерге шақырылушыларды мерзімінде қамтамасыз етуге ықпал етіңіздер. Бүгінгі азаматтар әскерден жалтаруға ыңғайланып тұрады. Оған мектептегі алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімінің де әсері бар. Аталған мұғалімдердің көпшілігі әскерде болмағандықтан патриоттық сезімге тәрбиелей алмайды, – деді ол.
– Бұл жөнінде аудандық білім бөлімі мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бірлесіп, сараптама жүргізіп, нәтижесін беріңіздер, – деп қорытындылады аудан әкімі Руслан Рүстемов.
Мәжіліс бітті, бірақ тапсырма талабы енді басталды. Мойынға артылған жүк жеңіл емес, ауқымды, ауыр және тәртіпке бағынудың борышы тұр. Кент пен ауыл әкімдері күйзеліп шықты, қызметтің жауапкершілігін сезінген былай тұрсын, міндет пен мақсат босаңсуға мұрша бермесі анық.
Ендігі мәжіліс қыркүйек айында өткізіледі. Оған дейін тиісті талап тыңғылықты тындырылмаса тәртіптік шараның тезі сонда болады.
Қаныбек АБДУОВ
. Сөйтсем, барлық кінә өзімізден екен.