№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ІНДЕТПЕН КҮРЕСТЕ ӘРБІР МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ БЕЛСЕНДІ

ІНДЕТПЕН КҮРЕСТЕ ӘРБІР МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ БЕЛСЕНДІ



Індетпен күресте әрбір медицина қызметкері белсенді қызмет атқаруда. Мәселен №3 қалалық емхана мамандарынан жасақталған 6 мобильді топ коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды көрсеткішіне қарай провизорлық және карантиндік стационарларға тасымалдау және үй жағдайында амбулаторлы ем тағайындауды жүйелі жүргізуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында №3 қалалық емхананың инфекционист дәрігері Лаура Мүсрепова мәлімдеді.

Сондай-ақ брифингте дәрігер емхананың жұмыс кестесіне тоқталып, екпе егу жұмыстарының барысын баяндады.
«Емхананың фильтр кабинеті таңғы сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс жасайды. Ол жерде коронавирусты инфекциясына күдігі бар барлық науқастар мен COVID-19 оң мән анықталған науқаспен байланыста болған адамдарды қарап тексеріп, ПЦР сынамалары алынып ем шаралар тағайындалады. Және орта медицина қызметкерлері ошақтағы байланыстағы адамдардан 3 және 12 күндік ПЦР сынамаларын үй жағдайында алып, лабораториялық зертханаларға жеткізіледі. Бүгінгі күні емханада екпе егу жұмыстары таңғы сағат 08:00 ден 22:00 ге дейін жүргізілуде. Жеке қорғаныш құралдары қоры жеткілікті мөлшерде жасақталған. Сын-сағатта медицина мамандары өз өмірлерін қатерге тіге жүріп қызмет етуде. Бұл ретте емханада қауіпті дертпен бетпе-бет келген дәрігерлердің ерлікке пара-пар еңбегіне қолдау білдіріп, әр адам бүгінгі сақтық шараларына бейжай қарамауы тиіс»,- деді Лаура Құрманбекқызы.
23 тамыз 2021 ж. 474 0