Тұрғындар тілегі назардан түспейді

Осы қағиданы негізге алған Жаңақорған кентінің әкімі Сардармұхамедуали Садықов, аудандық мәслихат депутаты Жасұлан Амалбеков, кент әкімінің орынбасары Серік Сейдуалиев және кент әкімдігінің басқа мамандары кенттегі А.Шонабаев көшесінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында көше тұрғындары өздерін толғандырып жүрген мәселелерін жеткізді. Тұрғындар әсіресе жолдың құрылысы, жарық мәселесін шешу үшін трансформатор жетіспейтінін, ауыз су мәселесі, тазалық, сондай ақ, балалар ойын алаңқайын салуға ықпал жасауды сұрады.
Аудандық мәслихат депутаты Жасұлан Амалбеков №125 Садықбек Сапарбеков атындағы орта мектепке баратын жаяу жүргіншілер жолын жарықтандыруды қолға алатындығын жеткізді.
Сонымен қатар елімізде болып жатқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты кент әкімі тұрғындарды вакцина алуға шақырып, адам денсаулығы бәрінен маңызды екенін ескертіп, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға шақырды.
Көше тұрғындарының сауалдарына орай кент әкімі аппаратымен қажетті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын және алдағы уақытта орындалуды талап ететін, міндеттер бойынша тиісті құжаттары рәсімделіп, бюджет қаржысына сәйкес кезең кезеңімен атқарылатындығын жеткізді.
Айкерім Мәдиқызы