Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 48

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауыл әкімдерін сайлаудың демократиялық белсенділігі

Ауыл әкімдерін сайлаудың демократиялық белсенділігі


Сайлау – демократияның айғағы десек, ауыл әкімдерінің сайлауы – өркениет жолының негізі. Мұның маңызын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында басымдық беріп, 2021 жылы ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуді тапсырды.


2017 жылғы 4-24 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының 14 облысында аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін сайлауы өтіп, 1416 ауыл әкімі сайланған-ды. 4 жыл бұрынғы тәжірибе бойынша мәслихат депутаттарының дауысы шешулі рөл атқарса, енді халықтың өзі сайлайды.
Біздің ауданда да бірнеше ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталып, қайта сайланады. Бұл ауыл халқы үшін жеті рет өлшеп, бір рет кесетін саяси науқан. Өйткені әкімнің құзыретінде 4 жыл басқару құқықы бар, екіншіден, әр ауылдың тайқазаны өзінде, ұсақ-түйек мәселелерді ауыл әкімі өзі шеше алатын қауқары бар. Ол үшін аудан әкімі Руслан Рүстемов айтқандай, темір тұлпардан түсіп, елмен жақындай түсуі тиіс.
Саясаттанушылар мен сарапшылардың бір секемі бар. Ол – оңтүстік өңірлердегі сайлауда рушылдық мүдде араласып, беделді, белсенді азаматтарға кедергі келтірмесе болғаны дегенді алға тартып отыр. Мұндай жағдай біздің ауданға да ортақ екенін жасыра алмаймыз. Осыған байланысты аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегеновты әңгімеге тарттық.
– Бүгінде салыстырмалы түрде алғанда ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселесі бірқатар шешілді. Дегенмен уақыт озған сайын қажеттіліктердің жаңа түрлері туындай беретіні анық. Міне, осындай мәселелердің қордаланбай, дер кезінде шешілуінде ауыл әкімдерінің белсенділігіне, біліктілігіне тікелей байланысты. Қазір ауыл халқы білімді азаматтарға сенім артқанда ғана мәселелері шешілетінін жақсы беледі. Сондықтан таңдауды дұрыс жасайтынына сенемін, – деді Әбілғазы Берденұлы.
Аудандық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, елді мекеннің қыр-сырына қанық, елмен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін әкімді тұрғындар сайлайды. Мұндай тәжірибе дамыған елдерде бұрыннан бар. Мәселен, АҚШ-та белгілі аумақтық штат губернаторы мен қала мэрлерінен бөлек, елді мекендердің басшыларын дауыс беру арқылы сайлайды. Жаңа Зеландияда да аймақтық, ауылдық әкімдерді тұрғындар таңдайды.
Түрлі мәселелерге қарамастан, елдегі белді де, білікті заңгерлер Президенттің ауыл әкімдерін сайлау туралы бастамасы өте дұрыс шешім деп есептейді. Бұл қадам тұрғындардың еліміздегі саяси ахуалға белсене араласып, мемлекеттің дамуына үлес қосуына септігін тигізбек.
Қорыта айтқанда, Президент Жолдауында саяси өзгеріске бетбұрыс бағыттады. Енді жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытып, ауыл әкімдерін сайлауды бірізге түсіру мұраты тұр.
Өркениет жолында өзіндік бағыт-бағдары айқындалған елімізде демократиялық құндылықтар кезең-кезеңімен іске асуда. Жалпы Ұлы Дала елінде дала демократиясы салтанат құрып, мемлекеттік мұраттың бағдаршамы болғаны белгілі. Ауыл әкімдерінің сайлауы соның заңды жалғасы деп білеміз.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ


16 ақпан 2021 ж. 584 0