Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 48

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сайлау – өркениет негізі

Сайлау – өркениет негізі


Биыл ауыл әкімдерін сайлау қызу талқыға түсті. Расында, ел талқылап жатқан үш тақырып – азық-түліктің қымбаттауы, шем-жөпті дайындау және ауыл әкімдерін сайлау. Осының соңғысы стратегиялық мәнге ие. Себебі ауылға белсенді, білікті, білімді адам сайлау арқылы әкім болып келсе, сол елді мекеннің бағына айналмай ма?! Халық ондай іскер азаматтарды жақсы біледі.


– «Жаманбай батыр» ауылдық округі аудандағы іргелі ауылдардың бірі. Ынтымағы ұйысқан, берекесі артқан ауылымызда биыл ауыл әкімі сайланбақ. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Өйткені кез-келген басшы жаңашылдығын ала келеді. Президенттің жергілікті атқарушы органдардың басшыларын сайлаудың әділ өтуін тапсырғаны, сондай-ақ қоғаммен санаса отырып жаңашылдыққа ұмтылу қажеттігін айтқанын қос қолдап қолдаймын. Біздің қоғам өркениетке бет алғанының бірден бір көрінісі деп білемін, – бесарықтық Рашид Нәлтаев.
Елімізде әкімдерді сайлау тәжірибесі бар. Елді мекендердегі мұндай саяси дода 2013 жылы тәжірибеден өткен-ді. Ал, 2017 жылы 24 тамызда 14 облыстағы аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдарының әкімдері сайланған болатын. Бұл жайлы сайлау комиссиясының мәлімет-теріне сүйенсек, сайлау науқанында ауыл әкіміне 4059 кандидат ұсынылып, олардың 3951-і тіркеуден өтіп, 1416 ауыл әкімі сайланған болатын.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың биылғы сайлау жайлы жаңа бастамасының бұған дейінгі сайлаудан бірнеше ерекшелігі бар. 2017 жылы ауыл әкімдері жанама дауыс беру арқылы, яғни жергілікті мәслихат депутаттарының шешімі арқылы сайланып келген болса, енді елді мекеннің басшысын тұрғындар тікелей дауыс беру арқылы анықтайды.
Жалпы, дамыған елдерде мұндай тәсіл бұрыннан бар. Мәселен, АҚШ-та губернаторлар, қала мэрлерінен бөлек, елді мекендердің басшыларын халық дауыс беру арқылы анықтайды. Жаңа Зеландияда да аймақтық, ауылдық әкімдерді тұрғындар сайлайды. Ендеше, Мемлекет басшысы айтқан бастаманы шетелдік тәжірибеге сүйене отырып жүзеге асыруға мүмкіндік мол.
Біздің ауданда 13 ауылдық округтің әкімі сайланады. Ол 17 сайлау учаскесінде өтеді.
Әкімдікке кімдер үміткер бола алады? Осыған кеңінен тоқталсақ. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне 25-тен асқан Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы қатыса алады. Олар сайлауға түсуі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі, заңда соттылығы және сыбайлас жемқорлық қылмыс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі болмауы тиіс.
Кандидаттарды тіркеу қалай жүзеге асады? Әкімге кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз дауыс жинауы керек.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін ғана басталады. Сонымен қатар, сайлау күнінен 10 күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай, кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады. Яғни сайлау күніне 10 күн қалғанда және сайлау болатын күннің алдынғы күнінде жергілікті уақыт бойынша сағат 24.00-де аяқталады.
Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында үлкен өзгерістің іргетасын қалап берді. Бұл жайлы президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын. Жергілікті билік өкілдерінің сайланбалы болуымен қатар, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзыреттерді бөлу және жергілікті өзін-өзі басқару ісін айқындап алуымыз қажет», – деді.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
13 шілде 2021 ж. 840 0