№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сайлау-2021: қалай, қандай деңгейде өтті?

Сайлау-2021: қалай, қандай деңгейде өтті?

Бүгін "Жаңақорға тынысы" газетінің "Көзқарас" алаңында Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Сұлтан Ибрагимов, Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы Бахтияр Ахметов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, аудан әкімінің кеңесшісі Қаныбек Әбдуов, "Nur Otan" партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев пен "Ауыл" партиясы аудандық филиалының төрағасы Керімхан Егізбаев бас қосып, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы қалай, қандай деңгейде өткенін сөз етті.

26 шілдеде ел аумағында тұңғыш рет ауыл мен ауылдық округ әкімдері сайланды. Жаңақорған ауданындағы 13 ауылдық округте 17 сайлау учаскесінде 45 үміткердің арасында ауыл әкімдерін таңдады (сайлады).
Бір сайлау округінде 2 кандидат, 5 сайлау округінде 3 кандидаттан, 4 сайлау округінде 4 кандидаттан, 2 сайлау округінде 5 кандидаттан және 1 сайлау округінде 6 кандидат әкім болуға үмітті болды.
Саяси науқанға елді мекендердегі 11340 сайлаушының 8458-і қатысты. Бұл – 74,59 пайызды құрайды.
Нәтижені саралайтын болсақ, Жаманбай батыр ауылдық округінде 1763 сайлаушы болса, соның 1071-і қатысып, оның 64 пайызы Әлібек Абдуллаевты ("Nur Otan" партиясынан түскен) қолдапты.
Келінтөбе ауылдық округінде 4 үміткер түсті. Ондағы 1863 сайлаушының 1021-і дауыс беріп, өз таңдауын таңдады. Сайлаудың нәтижесінде «Ауыл» партиясынан сайлауға түскен Абылай Досжанов 452 дауыс жинады.
Қыраш ауылдық округі сайлаушысының 45 пайызын жинаған Бақытжан Әжібеков («ADAL» партиясынан түскен), кейдендіктердің 49 пайыз дауысын иемдеген Сырлыбек Кенжетай («Қазақстан Халық» партиясынан түскен) өтті.
Екпінді ауылдық округінен – Қайрат Қожамжаров, Көктебеден – Боран Абуов, Қожакенттен – Елеусіз Жиенхожаев, Өзгенттен – Жанұзақ Мырзабаев, Байкенжеден – Нұрғали Оспанов, Қосүйіңкіден – Әлімхан Ахтаев, Талаптан – Ербол Тақырбасов басым дауыс алды. Бұл кандидаттар "Nur Otan" партиясынан түскенін айту керек.
Ал, сайлауда өзін-өзі ұсынған манаптық Нұрбек Бексұлтановқа жергілікті 595 сайлаушының 64 пайызы дауыс берсе, «Ауыл» партиясынан сайлауға түскен қожамберділік Нұрқасым Сейітқасымовты жергілікті 500 сайлаушының 97 пайызы қолдады.
Дөңгелек үстелге келген спикерлер Жаңақорған ауданында өткен сайлау ашық әрі әділ өткенін, әрі оған сайлаушылар белсенді қатысқанын айтты.
Енді халық өзі сайлаған әкімдерінен әлеуметтік мәселелерді шешуді, сайлаушылармен тығыз қарым-қатынас орнатуды талап ететіні анық.
Бұл – тұрғындардың саяси көзқарасын шыңдап, қоғамдық белсенділігін арттыратыны сөзсіз.
Бұл жөніндегі толық ақпаратты "Жаңақорған тынысы" газетінің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
27 шілде 2021 ж. 525 0