№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Вакцина салдырған студенттерге сыйлық беретін университет көбейді

Вакцина салдырған студенттерге сыйлық беретін университет көбейді

Вакцина салдырған студенттерге сыйлық беріп, жеңілдік жасайтын жоғары оқу орындарының саны артты, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, министрдің тапсырмасынан кейін 20 жоғары оқу орны жедел шаралар қабылдап, тізім тағы 10 университетпен толықты.
Оның ішінде Satpayev University, Қарағанды техникалық университеті, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Торайғыров университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті бар.
Satpayev University вакцина салдырған студенттерге жеке стартап ашуға 5 миллион теңге грант, ЖОО жатақханаларында тұру үшін 20 орын, елдегі немесе шетелдегі жетекші компанияларда өндірістік практикадан өтуге жұмсалатын шығындарын толық өтеу, Qoldau бизнеске арналған цифрлық платформамен бірлесіп кәсіпкерлік дағдыларды дамыту курстарына 100 сертификат, сессияны уақытында тапсырмаған студенттерге курстардан екінші рет тегін өту және 3 кредитті қайта тегін тапсыру мүмкіндігін беріп отыр.
«Қарағанды техникалық университеті вакцина салдырғандар арасында 2022 жылдың жазына студенттер арасында «Политехник» спорт-сауықтыру лагеріне тегін жолдама ойнатады. Сондай-ақ күзгі семестрде студенттерге ағылшын тілі курсына тегін қатысу мүмкіндігі қарастырылған», – делінген хабарламада. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті вакцина салдырған 20 студент пен 10 қызметкерге Түркістан қаласына жолдама береді.
Торайғыров атындағы университет 15 студентке Қазақстанның Конституциясы күніне орай Нұр-Сұлтан қаласына жолдама береді. Сондай-ақ «Баянтау» сауықтыру лагеріне 30 жолдама және фитнес-залға баруға 25 тегін абонемент бермек.
Сонымен қатар бір оқу жылы ішінде ЖОО жатақханасында 40 студенттің тұруына 50% жеңілдік қарастырылған.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде өз еркімен вакцина салдырған алғашқы 50 студент конкурстан тыс ең жақсы студенттер үйінде тұруға жолдама алады. Ал университет қызметкерлеріне вакцинадан кейін бір күн демалыс беріледі.
Оқу орнында әрбір 500-ші өз еркімен вакцина салдырған студентке планшет сыйлыққа беріледі. Ал әрбір 200-ші студент Нұр-Сұлтан қаласына жолдама алады.
Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті «Сарыағаш», «Манкент», «Жаңақорған» шипажайларына 5 жолдама ойнатады. Сондай-ақ студенттерге бағалы сыйлықтар береді.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде вакцина салдырған 100 студент жарты жылдықта жатақханада тегін тұра алады. Сондай-ақ оқу орнының 50 оқытушысына Ыстықкөлге жолдама беріледі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның жоғары оқу орындары коронавирусқа қарсы вакцина салдырған студенттер үшін оқу ақысын төлеуге жеңілдік қарастырылғанын айтты.
Маусымда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, М. Әуезов атындағы ОҚУ, М. Өтемісов атындағы БҚУ мен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті вакциналау шараларын қолдауға арналған акцияларды бастап кетті.


26 шілде 2021 ж. 460 0