№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қимылдаған қыр асады

Қимылдаған қыр асады


Елге келетін ырыс та, береке де еңбекпен еселенеді. Кәсіп қыламын, табыс табамын деген адамға мүмкіндік көп. Бұл бағытта ауқымды бағдармалар бар. Соның бірі – «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы. Бұл бағдарлама осыған дейін «Бизнестің жол картасы-2020» аталып келген-ді. Нәтижелі жұмыс атқарылып, жұмыссыз азамат өз кәсібін бастап кетуіне оң ықпалын тигізіп отыр.

Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Қазақстан алдында тұрған аса маңызды міндет – өз өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту бойынша жұмыс күшейтіледі» деген еді.
Аудандық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, 2020 жылы бағдарлама аясында 649 адам грант жеңіп алып, түрлі бағытта кәсібін дөңгелетуде. Соның бірі – шлакаблок өндірісі. Дәл осы кәсіп түрін 8 кәсіпкер бастады.
Бүгінде Жаңақорғанда тұрғын үй салу қарқынды жүруде. Бұл дегеніміз – құрылыс материалдарына сұраныс артқанын көрсетеді. Кәсіпкерлер сұранысты игеру мақсатында мемлекеттің қолдауына иек артып, шлакаблок өндірісін дамытуда.
Кәсіп бастаушылардың шлакаблок өндіруге бетбұрыс жасауына сұраныстың артуы себеп болуда. Мысалы, былтыр құрылыс материалына кезекке тұрып, төлемді алдын-ала төлеп қойған тұтынушылар бар.
Біз былтыр грантқа қол жеткізген кәсіпкер Ақжарқын Оспановамен тілдескен едік.
– Шлакоблок өндіру шыдамдылықты, еңбекқорлықты қажет етеді. Қара­жатымызға сай аппарат сатып алдық. Бүгінде күніне 200-300-ден аса шлакоблок шығарып, нарықта сатудамыз. Бизнес жолына түскен соң әрине, жан-жақты білім қажет. Осы тұрғыда бизнес-кеңесші курсын оқып, сертификат алдым. Алдағы уақытта жоспар өте көп. Жолдасыммен ақылдаса отырып, кәсібімізді кеңейтсек деген жоспар бар, – дейді кәсіпкер.
Шлакоблоктың құрамы – цемент, қиыршық тас, құм және судан тұрады. Құрылыс материалының бұл түрі қолжетімді. Сапалысын таңдап, талғап жүріп алуына болады.
Талап ауылдық округінің тұрғыны Ақжарқын жастайынан еңбекке араласып өскендіктен кез-келген жауапкершілікті көтеруге дайын.
Шлакаблок құюға қажетті қоспалардың қымбаттауы нарықта тауардың бағасына да ықпал еткені сөзсіз. Былтыр 120 теңгеден сатылған құрылыс материалы биыл 140 теңгеге бағалануда.
Былтыр шлакблокқа қажетті 1 тонна цемент 27 мың теңге болса, биыл 32 мың теңгеге көтерілді. Қиыршық тас 37 мың теңгеден 42 мыңға көтерілді. Бұл өз кезегінде өндіріп отырған тауар бағасының көтерілуіне де әсерін тигізері анық.
– Өзіміздің адал еңбегімізбен, маңдай терімізбен нәпақамызды тауып отырмыз. Жалпы, қазір елімізде еңбек етуге ниеті бар кез келген адам жұмыссызбын деуі негізсіз,– дейді ол.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы аясында еңбек адамын мәртебесін көтеріп, мерейін асыру маңызды.
«Еңбек етсең емерсің, ерінбесең жеңерсің» дейтін халық даналығының мәнін ұқсақ, қимылдаған адам қыр асатынын түсінеміз.
Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
18 шілде 2021 ж. 449 0