№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Бизнестің жол картасы-2025»: кімдер қатысады, қаржыны қалай алады?

«Бизнестің жол картасы-2025»: кімдер қатысады, қаржыны қалай алады?

Шағын және орта бизнесті дамыту бағытында түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, қайтарымсыз грант пен пайызы төмен несие беру жолдары қарастырылуда. Бұл – кәсіп бастауға ниетті азаматтардың қатары артуына сеп болуда. Осы ретте, «Жол картасы-2025» бағдарламасына қатысып, грант ұтып алудың жолы қандай екенін түсіндірсек дейміз.Мұның жай-жапсарын сала мамандарынан сұрадық. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған ауданындағы филиа­лының директор Асылжан Жолдасбеков:
– «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамта­масыз ету, жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды мақсат етеді. Яғни микрокәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыруға арқылы өнім өндіру көлемін ұлғайту, бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру және кәсіпкерлердің құзыреттерін арттырып, іскерлік байланыстарды кеңейтуді көздейді, – деп түсіндірді.
Оның айтуынша, бағдарлама арқылы өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 13,4 про­цент, орта кәсіпкерліктің үлесін кемінде 13,7 процент жеткізу межесі бар. «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын синхрондау арқылы қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру қарастырылды. Бағдарлама бойынша кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсететін оператор – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ. Қор екінші деңгейлі банктер және микроқаржы ұйымдары арқылы несиелендіріледі.
Несиелендірудің өңірлік бағдарламасы бойынша салалық шектеусіз жұмыс істеп жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субъетілеріне 8,5 процентпен алуға болады. Әрі бағдарлама шеңберінде кепілдіктерде қарастырылған кәсібін енді қолға алған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 85 прцент, жұмыс істеп жатқандар үшін – 50 процент жеңілдік қарастырылған.
Іскерлік қатынастар, Кәсіпкерлерге арнал­ған сервистік қолдаумен ақпараттық-консульта­циялық қызметтер көрсетеді. Бағдарламаның 2-ші бағыты бойынша Азаматтар жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарға үміткер бола алады. Бағдарлама шеңберінде грант бөлу операторы Кәсіпкерлік және туризм облыстық басқармасы болып табылады.
Бағдарлама бойынша несие алу үшін кәсіпкердің айналымында қаржы болуы тиіс, яғни, кәсібі жүйелі жұмыс істеуі міндетті. Ал, қайтарымсыз грантқа қол жеткізу үшін жоба инновациялық болуы тиіс. 2020 жылы 4 жоба 3 млн-ға теңге грантқа қол жеткізсе, соның екеуі жастардың еншісінде. Жайылма ауылында құрама жем шығаратын цехтың иесі Мұхтар Оспанов бағдарлама аясында грант ұтып алды. Қазір жұмысы жүйелі, шағын зауыты іске қосып, ауыл-аймақты мал азығымен қамтамасыз етуде. Грант бөлу операторы Кәсіпкерлік және туризм облыстық басқармасы болып табылады.
Егер кәсіпкер грант алу үшін конкурстық құжаттама тапсырғысы келсе, онда конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мынадай құжаттарды тапсарады:
Біріншісі, гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім береді.
Екіншісі, заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі керек, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама алынады.
Үшіншісі, жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) расталған анықтама болуы тиіс.
Төртіншісі, бизнес-жоба дайындап, оны қорғап шығуы керек.
– Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі керек. Сондай-ақ кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе жылжымалы және жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар болуы шарт. Кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам төлқұжатының көшірмесі жолданады, – деді аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Диас Фейзулдаев.
Несилендірудің өңірлік бағдарламасы бойын­ша салалық шектеусіз жұмыс істеп жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субъетілеріне 8,5 процентпен алуға болады. Әрі бағдарлама шеңберінде кепілдіктерде қарастырылған кәсібін енді қолға алған ШОК субъектілері үшін – 85 процент, жұмыс істеп жатқан ШОК субъектілері үшін – 50 процент жеңілдік қарастырылған.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
20 ақпан 2021 ж. 745 0