№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәрі бүркіт балапандарын қалай сынады?

Кәрі бүркіт балапандарын қалай сынады?


Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге ерлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты.


Балапандарының қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатқан ол өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты:
– Қанаттыға қақтырмай, тамақтыға шоқтырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсындар?
Біріншісі айтыпты:
– Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүремін. Дүниенің төрт бұрышын аралатамын, таңғажайып тамашаларды өзің көретін боласың.
Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты.
Сосын екіншісіне бұрылып:
– Ал, сен не айтасың, - депті.
Екіншісі айтыпты:
– Анашым, мен сені ел аралатып босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеп беремін, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.
Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншісінің соңынан кете барыпты.
Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарқыншақ толы дауыспен былай депті:
– Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?
Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:
– Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылығыңның шеті де, шегі де жоқ екенін, оны өтеуге менің бүкіл ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.
Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып:
– Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті, - деген екен.

«Замана» №37-38 (1096-1097), 12.10.2020 жыл
22 қазан 2020 ж. 781 0