№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » «Османның құрылуы» атты түрік сериалында қобыз тартқан Ержан Жаңақорғандық екен

«Османның құрылуы» атты түрік сериалында қобыз тартқан Ержан Жаңақорғандық екен

Жақында Facebook-та Түркия сериалдарының бірінде домбыра мен қобыз шерткен екі адамның видеоүзіндісі шарлап кеткен болатын. Түріктің әйгілі актеры Бурак Өзживит басты рөлді сомдайтын сериалда қобыз тартып отырған жігіт – жаңақорғандық Ержан Арқабай екен.

Түркияда жүрген отандасымызбен байланысқа шығып, Осман империясының құрылу тарихын баяндайтын сериалдың жобасына қалай келгенін біліп көрген едік. Ержан Арқабай Түркияға 2014 жылы магистратурада оқу үшін барған. Бір жыл өткеннен кейін Коньядағы Неджиметтин Эрбакан университетіне түсіп, «халық музыкасы» бөлімін былтыр бітірген. Елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі. Ержан Түркияда жүрген кезде Арсланбек Сұлтанбеков атты ноғай азаматымен танысады. Арсланбектың ол тұста «Домбыра» атты өлеңі Түркияда біршама танымалдыққа ие болып тұрған кез. «Домбыра» әнін саяси партиялардың өкілдері, тіпті «Фенербахче» футбол клубы да алаңға шырқап шығып жүрген шақ.
07 маусым 2020 ж. 894 0