№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауыл атауларының ақиқаты

Ауыл атауларының ақиқаты


Мемлекеттік Рәміздер күніне орайласа қасиетті қазына – кітапхана ғимаратында ұйымдастырылған «Ауыл атауларының ақиқаты» атты жаңа кітаптың тұсаукесеріне арнайы қатысып, алғысөз алған аудан әкімі Руслан Рүстемовтің ұлт үшін мәні зор құндылықтар қатарында Мемлекеттік Елтаңбаның авторының туған жеріміздің түлегі болғаны тәрізді  аудандар арасында тұңғыш жарық көріп отырған белгілі қаламгер Қаныбек Әбдовтың авторлығымен шыққан “Ауыл атауларының ақиқаты” деп аталатын жинақты Жаңақорған топырағының айрықша қасиет-қадірінен туындаған бір жаңалық ретінде бағалауының астарында тарихи шындық жатыр. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, дәстүр-салтына берік өскен өңіріміздің тарихты қастерлеуінің бір көрінісі бұл.
– Әр ауыл туралы бір кітап жазуға болады. Әзірге осы біткен істің өзі үлкен олжа. Өлкетану ғылымына қосатын үлесі үлкен. Туған жер тарихын терең білу арқылы ұрпақтарымызды Отансүйгіштікке баулу, олардың бойында асылдың қадірін біліп, құнын салмақтай аларлық салауатты мінез қалыптастыруда аталмыш кітаптың маңызы үлкен деп есептеймін. Оқырман сұранысына орай кітап тиражын көбейту мүмкіндігі қарастырылады.
Жазушы қаламынан шыққан дүние жүректен шықса ғана жүрекке жетеді. Осы орайда талмай еңбектеліп, тәуліктің жиырма төрт сағатын талғамай жұмыс жасайтын жазушы лабораториясындағы  қаратер қияметтің жемісі ұрпақ зердесінде гүл жарып, өткенге жарастықты құрметті оятып жатса бейнеттің ақталғаны. Сондықтан да Жаңақорған өңірінен қалам тербеген автордың бұл үшінші реттік туындысына тек алғысымызды білдіреміз, – деген аудан басшысының риясыз алғысынан оның руханият жанашыры ретіндегі көмек-қолдауын  тағы бір аңдадық. Келесі кезекте сөз алған ел ағасы, ағарту және мемлекеттік басқару саласының ардагері Зинабдин Шермұхамедұлыбұған дейін өзіміз ауызекі тілде атын атап жүрсек те түсін түстеуге мән бермей келген тарихи атаулардың шығу тегін анықтап, телегей-теңіз еңбек сіңірген кітап авторы – қаламгер Қаныбек Әбдуов жөнінде жүрекжарды ойларын ортаға тастап, кітаптың шын мәнінде өлке шежіресіне арналған құнды  еңбек екендігіне көп назарын аударды. Нақ осындай пікірлерімен бөліскен ауыл шаруашылығы саласының білікті маманы, аудан әкімінің кеңесшісі Алмас Нәлібаевтың өзімен қатарлас еңбек етіп келе жатқан әріптестің  төл ісіне шынайы берілген  ізденімпаздығына, еңбекқорлығына берген жоғары бағасы да көптің көңілінен шықты.
Иә, қасиетті Қаратау, Сыр бойы жазығы, Қызылқұм етегін тұтас жайлаған аудан шежіресінің  кешелі-бүгінгі тарихы өте бай. Қай бір тал-қарағанын, құм басқан қалаларын, сан жылдар бедерінде көзі бітеліп, қараңғы көрге айналған жағалай обаларын түртіп қалсаң тіл бітіп, талайлы тағдырынан сыр ақтарып сөйлей жөнелетіндей.
Заман өтеді, қоғам өзгереді. Бірақ көреген көзден өткен, жүрекке жеткен, сыр шерткен арыдан, қасиет дарыған көне атаулар ауыздан ауызға жетіп, әлі күнге айшықты сыр-сипатынан ажырамай санаға сәуле құйып, өткен күн теберігіндей өлке тұғырынан түс­кен жоқ. Туған жер топырағында осындай атаулар өте көп: Бесарық, Ақұйық, Қандыарал, Шұқырой, Келінтөбе, Теріскен, Жетітөбе, Қауық, Қатынқамал, осылай жалғасып кете берер тарихи атаулардың түп-төркініне үңілсек өз заманына егіз болған, ақиқатқа негіз болған сан түрлі оқиғалар толқыны тізбектеліп шыға келері анық.
Жалпы оқырманға белгілі, бұдан бұрын, нақ­тылап айтқанда тоқсан сегізінші жылы Адырбек Сопыбековтың құрастыруында «Жаңарған Жаңақорған» атты тарихнама  жарыққа шыққан болатын. Одан соң алты-жеті жылдан кейін «Келешегі кемел аудан» тақырыбында жазушы Файзулла Сахиевтің жинағы жарық көрді. Жинақта ауданның ежелгі өмірі, кеңестендіру саясаты, одан соңғы елдің әлеуметтік жағдайы мен экономикалық өсу деңгейі географиялық және биографиялық тұрғыда ресми деректер арқылы түзілсе, Жаңақорған тарихы туралы бұл жаңа кітаптың ерекшелігі – мазмұны мен тілінде. Ауыл атауларын анықтауда көп ізденістерге барған автор ел ақсақалдарымен кеңесіп, әрбір дерекке жіті назар аударып, түбі ақиқаттан тұратын құймақұлақ арқылы әкеден балаға жеткен аңыз әңгімелерге сүйене отырып ауыл атауларына сараптама жасайды, оны көркем тілмен жеткізуге тырысады. Сондықтан кітаптың тілі жеңіл, жүрекке ұғынықты.
Оқырман – кітаптың жаны. Осы ретте жаңа кітап туралы өз пікірін білдірген жас тол­қын қатарында аудандық мәдениет үйінің қызметкері  Айжарқын Найманбаев былай деп ой тарқатты:
– Ақын ағамызБекжан Әшірбаев ағамыздың:
«Кім тұтпас азынқадір,
Жақсы сөз бір-ақ дана,
Толғатпай жазылған жыр,
Толтырған құжат қана» деп жазғанындай,  шалағай дүниелер арасынан нағыз әдебиетті тану қиын. Қаныбек Әбдуовтың бұл еңбегі осындай мықты туындының қатарынан табылып тұр.  Жастарды кітап оқымайды, интернетке телінген дейміз. Бірақ айыптыөзінен емес, өзгеге телуоңай.  ЖауҺарәдебиеттің қадірін жас та түсінеді. Ұлтты ұстаптұрған тіл мен жері, содан кейінгі орында төл тарихы. Сондықтан киеліорындарды қағаз бетіне түсіріп, ұрпақ санасында жаңғырту өте игілікті іс. Осы бағытта қаламгерге шабысынан танбаса  екендеген тілегіміз бар, – деді.
Келесі кезекте жаңа кітаптың лентасы қиылып, осы құрметті  рәсімді атқарған аудан әкімі Руслан Рүстемұлы мен ардагер-ұстаз Зинабдин Шермұхамедұлының қолынан тарихи туындыны шараға қатысып отырған кітапсүйер қауым мен мәдениет саласы өкілдері қабылдап алды.
Шара соңында сөз алған кітаптың авторы Қаныбек Әбдуов өзінің жүрек қалауымен тиянақты атқаруға бел шеше кіріскен еңбегінің нәтижесін тауып, халықтың игілігіне жарауы сол жолда төккен тердің шын өтеуі екенін айтып, осы жолда демеуболып, жанашырлық танытқан барлық азаматтарға өз атынан ризашылығын білдірді. Кітапхана директоры Әсем Тілеу­бергенова сөзалып, бұл кітап  қасиетті мәдениет ошағының сөресінде ең  құндықазына қатарын толықтыратын жәдігер ретінде үлкен бағаға ие екендігін айтып, кітапхана қызметкерлері атынан авторға зор ризашалығын білдірді.
Ұлы Даланың өркениет ошағы болған көне шаһарлар мен әулие-әнбиелердің тұрағына айналған Жаңақорған топырағында тарихты тірілтуді ілкімді іс деп бағалап, аудан басшысы Руслан Рүстемұлының бастамасымен өткенді зерделеп ақиқат сабақтастығын тірілткен «Ауыл атауының ақиқаты» кітабының жарыққа шығуына демеушілік көрсеткен Жаңақорған ауданының «Құрметті азаматтары»   Құлмағанбет Исаханов, Нұрпейіс Мажитов, Қайрат Жұмабаев, Бақыт Берділлаев сынды азаматтардың есімі осы атаулы күні құрметпен аталып өтті.
Жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі облыстық телевидениеге түсірілді.
      
Баян Үсейінова
05 маусым 2021 ж. 465 0