№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мал дәрігерінің МӘРТЕБЕСі қаНдай?

Мал дәрігерінің МӘРТЕБЕСі қаНдай?


Иә, мал дәрігерлік қызмет саласы
салғырттықты көтермейді. Себебі
бұл бағыттағы іс-қимыл, атқарылған
шаралардың барлығы бірінші кезекте
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
етпек. Жалпы ветеринария – мал
шаруашылығының ең беделді саласы.
Себебі, ветеринария дұрыс жолға
қойылса, мал ауруға ұшырамайды. Ал
сау малдың етін жеп, сүтін ішкен адам
аурудан алыс болады. Өкінішке қарай,
біздің бүгінгі қоғамда мал дәрігерлерінің
беделі төмен. Бұл мамандықтың мән-маңызын түсініп жатқандар аз. Неге?
Мәселеге көз жүгіртіп көрейік. Осы
тұста аудандық ветеринария бөлімінің
басшысы Марат Қазыбаевтан сұрап
білген едік.
– Біздің мекемеде 98 ветеринар
маман жұмыс жасайды. Оның ішінде
47-сі жоғары, 51-і арнаулы орта
білімді мамандар. Ауданда 2021 жылға
арналған жануарлардың аса қауіпті
аурулардың профилактикасы бағытында
ветеринариялық іс-шаралардың жос-пары бекітілген. Осы жоспарға сәйкес
13 түрлі аса қауіпті жұқпалы ауруларға
қарсы алдын алу, егу жұмыстары
мемлекет тарапынан тегін жүргізіледі.
Жануарлардың жұқпалы емес және
инвазиялық ауруларына Ветеринария
туралы Заңның 13 бабына сәйкес ақылы
түрде қызмет көрсетіледі. Ауданда аса
қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу
жұмыстарының дер кезінде жүргізілуі
нәтижесінде қазіргі таңда ауданның
эпизотиялық жағдайы тұрақты. Еш-қандай аса қауіпті жұқпалы ауру
тіркелген жоқ.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті
жұқпалы 12 түрлі және энзоотиялық
6 түрлі ауруларға қарсы алдын ала
егу жұмыстары жыл бойына жоспарға
сәйкес тегін жүргізіледі. Ол үшін
тұрғындар малына сырға салдырып,
ветеринариялық төлқұжат жасату
қажет. Сонымен қатар алдағы уақытта
жұқпалы емес ауруларды емдеу үшін
және ине шаншу жұмыстарына ақылы
қызмет көрсетілетін болады.
Бұл 12 ауру түріне: аусыл, леп-тоспироз, пастереллез, сібір жарасы,
нодулярлы дерматит, қарасан, оба,
туберкулез, күл, энтеротоксемия, құты-ру, эхинноккоз жатады. Ал энзоотиялық
ауру¬лардың тобында: пираплазмоз,
тейлериоз, фасциолез, гастрофилез,
сақау, трипанасомоз бар. Вакцина бізде
есепте тіркелмеген, мал басына ғана
тегін екенін халық ескеру керек, – дейді
маман.
Мал дәрігері маманы қызметінің тағы
бір қыры – ол қауіп қатермен де жиі
бетпе-бет келеді. Жылдың қай мезгілінде
болмасын белгілі бір ауруға шалдыққан
төрт түлікті алдымен мал дәрігері
тексеріп, ем-дом шараларын атқарады.
Кей жағдайларда ауру түрін анықтау
үшін малдың өлексесіменжұмыс істеуге
тура келеді. Сібір жарасы, туберкулез,
бруцеллез, аусыл, қарасан, індетті
лимфангоит, қатерлі ісік, сап, құтырық
сияқты сан түрлі жұқпалы аурулармен
жалғыз күресуге мәжбүр. Аталған
ауру түрлерінің адам денсаулығы үшін
қаншалықты қауіпті екені айтпаса да
түсінікті. Егу жұмыстарын жүргізгенде
де табындағы малдың бәрі бірдей жуас
емес. Әсіресе, бас білмейтін жылқы малы,
ірі қара малдарының оқыс қимылынан
мал дәрігерінің жарақат алып қалу
жағдайлары да аз кездеспейді.
Нақ бүгінгі күндері аудан тұрғындары
қаңғыбас иттердің көбейгенін алға
тартып, дабыл қағуда. Әлбетте, қаңғыбас
иттердің жүрген жері тұрғындар үшін
өте қауіпті. Олар алдымен жұқпалы
ауруларды тасымалдаушы және құтыру
белгілері байқалғанда адамға шабуыл
жасайтындары тағы бар. Оның арты
өлімге әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.
Жалпы, бұл қаңғыбас иттер көбінесе
асыраушысы жоқ болғаннан немесе
адасып кетуден пайда болады. Ал,
мұндай иесіз жүрген иттер әр жерді
паналап, қоқыс қалдығынан тамақ жеп
күн көріп жүретіні айтпасақ та белгілі.
Осы ойымызды Айсұлу Ақмырза атты
кент тұрғынының пікірі бекемдей түседі.
– Қазір қарап отырсаңыз қаңғыған
иттер көп. Базарға барсаң да, вокзалға
барсаң да, аурухана маңында да
топ болып жүреді. Оларды құртуға
қандай да бір жұмыс жасалып жатыр
ма? Біздің үйіміздің жанында тойхана
бар, ол жерде күнделікті жиын
болғандықтан, ит атаулының барлығы
сол жерде. Балаларымды тістеп алып,
ауруға шалдыға ма деп қорқып үйден
шығармауға тырысамын. Жанынан өтсек
ырылдап, бес-алтауы артыңнан еріп
келеді. Былтыр көршіміздің итін арнайы
мамандарды шақыртып, атқызып едік.
Осы топырлаған иттерге неге бір шара
көрмейді, – деп ренішін ақтарып салды.
Бұл жөнінде ветеринария маманы
Ахмет Бейсеновке хабарласып, мән-жайды кеңінен түсінуге тырыстық.
– Біздің мекеме иесіз ит пен мысықты
жою жұмысымен де айналысады.
Қазір аудан бойынша арнайы бригада
жұмыс істеуде. Олар көлікпен, қажетті
жабдықтармен толық қамтамасыз
етілген. Жыл басынан бері 978 иттің,
64 мысықтың көзі жойылды. Дәл
қазіргі уақытта тұрғындар тарапынан
өтініш түссе, дереу жұмысқа кірісеміз.
Тұрғындарға айта кетейін, ит атаулының
бойында құтырма аурулары да бар.
Онымен ауырған иттердің мінез-құлқы,
жүріс-тұрысы өзгеріп, оғаш қылықтар
байқата бастайды, мысалы, себепсіз
үріп немесе еңсесі түсіп, үретін жерде
үрмей, адамдарға, малдарға, заттарға
себепсіз тап беріп, өзін-өзі тістеп, тамақ
ішпей, көзіне көрінген заттарды ағашты,
тасты тістеп шайнайды. Үрген дауысы
қырылдап, аузынан сілекей мол бөлінеді.
Осындай белгілері байқалған сәтте
иттер адамға тап берсе, өлім қаупіне
әкеледі. Сондықтан да, әрбір адам өз
қауіпсіздігіне мән бергені абзал, – дейді.
Бүгінгі таңда дерекқор базасында
66 574 бас мүйізді ірі қара, 275 476 бас
уақ мал, 200 98 бас жылқы, 1 737 бас
түйе тіркелген, – деді сөз соңында бөлім
басшысы.
Сондықтан қазір заманына қарай мал
бағу әдісі де өзгерген. Әрбір жеке және
заңды тұлға «Ветеринария туралы»
Заңның 25-бабына сай Қазақстан
Республикасының ветеринария сала-сындағы ауыл шаруашылығы жануар-ларын бiрдейлендiрудi (сырғалатуды,
таңбалатуды) қамтамасыз етіп, ауыл
шаруашылығы жануарларын сату,
сою, өзге адамға сыйлау, мал егесінің
мекен-жайы өзгерген жағдайларда
компьютерлік дерек қоры мен мал-дың ветеринариялық паспортына
өзгерістер толтырылады. Жануарларды
тасымалдау, мал базарына алып бару,
орнын ауыстыру жағдайында міндетті
түрде ветеринариялық анықтама алу
қажет. Ветеринариялық анықтамалар
«Бірыңғай автоматтандырылған басқару
жүйесі» бағдарламасы бойынша ком-пью терден шығарылады. Қазақстан
Республикасы Еңбек кодексінің
85-бабына сәйкес, көрсетілетін қызмет
беруші белгіленген жұмыс уақыты
кестесіне сай өтінішті қабылдау және
мемлекеттік қызметті көрсетеді. Соны-мен қатар, «Цифрлы Қазақстан»
бағдарламасы аясында келесі жылдан
бастап қағаз түріндегі ветеринариялық
төлқұжат жойылып, мал жайлы мәлі-меттер тек дерекқор базасында сақ-талатынын сала мамандары мәлімдеп
отыр.
Сонымен мамандық мәртебесін көтеру,
олардың жұмысына жәрдем көрсету
жеке адамдардың жауапкершілігіне де
тікелей байланысты. Мал-жан амандығы
сонда ғана тең болады.
Әсел РЗАЕВА

01 маусым 2021 ж. 830 0