№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Байкенжеде мал шығыны болды

Байкенжеде мал шығыны болды

  Жаңақорған ауданындағы Шалқия кентінің тұрғыны Ахмет Рахимовтың уақ малы шығын болғаны туралы хабарланды. Байкенже ауылы маңындағы жайылымға қоныстанған мал иесінің айтуынша, 7 қарашадан бері белгісіз дерттен 116 бас түлік шығынға ұшыраған. 


   Осы жағдайға байланысты облыстық ветеринария басқарма­сының басшысы Ер­сұлтан Апетов өңірлік коммуникациялар қыз­метінде баспасөз конференция­сын өткізді. Бүгінде ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті облыстық ау­мақтық инспекциясы, облыстық ветери­на­риялық зертхана, ветеринария басқар­масының мамандары аталған аумаққа зерттеу жұмыстарын жүргізуге жіберілген.
Қазіргі уақытта ауырған малдар оқшауланып, тиісті емдік шаралар жүргізілуде. Ветеринар мамандардың ауру ошағында жүргізген эпизоотиялық зерт­теуі барысында шығын болған 30 бас мал өртеліп, Байкенже ауылдық округіндегі типтік жобадағы мал қорымына тасталған. 
– Қазіргі уақытта «уақ малдар лептоспироз ауруынан шығын болды» деген болжам жасалуда. Тіпті, ағынды не тұрып қалған судан, азықтан улануы мүмкін. Бұл туралы зерттеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін нақты айта аламыз. Жаңақорған ауданында соңғы 3 жылда лептоспироз ауруы тіркелмеген. 3 жыл қатарынан ауруға қарсы вакцинаға сұраныс болмағандықтан биыл вакцинаны алдырған жоқпыз. Ал, өткен аптада аталған аумақтағы мал егелері өз қаражаты есебінен ауруға қарсы егу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, – дейді басқарма басшысы.
Биыл облыста эпизоотиялық іс-шаралар жүргізу мақ­сатында аса қауіпті сібір жарасы, аусыл секілді 13 түрлі жұқпалы ауруға қарсы алдын ала егу жұмыстары жүргізілген. Айта кету керек, лептоспироз – аша тұяқты қой, мүйізді ірі қара малдарына қауіпті, ауру түліктен басқаларына жайылымда, бірге азықтандыру кезінде тез тарайтын жұқпалы дерт. Мамандардың айтуынша, бұл ауру адамға да қауіпті. Сон­дықтан, түліктердің осы аурумен ауырғаны белгілі болса, емдеуге келмейтіндіктен, бірден жойылады. Сондай-ақ, егер зертханалық жұмыстар нәтижесінде уақ малдардан лептоспироз анықталатын болса, мал шығыны өтелмек.

Айдана ЖҰМАДИНОВА.
13 қараша 2018 ж. 1 250 0