№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Телефон емес, кітап сенің серігің

Телефон емес, кітап сенің серігің


Cоңғы жылдары кітап оқығысы келмейтін, орнына компьютер мен ұялы телефонға үйір балалар саны артып кетті. Баланы кітап оқуға баулу – бұл күндері үлкен мәселеге айналды десек қателеспейміз. Техниканың, әлеуметтік желінің дамыған заманында жеткіншектерді кітап оқуға, білім алуға баулу қиын болып барады. Оның себебі неде? Бұл жағдайды қалай өзгертуге болады? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін баланың ерте жастағы жай-күйіне, оның ата-анасымен өзара қарым-қатынасына үңілу керек.


Біздің қоғамда балалар оқуды мектепте үйренеді деген пікір қалыптасқан. Ал бүгін оқып үйренуге қажетті білім қорын бала мектепке дейін иеленеді. Зерттеушілер бала өмірінің алғашқы бес жылын «Ғажай­ыптар жылдары» деп атайды. Оқып үйренбестен бұрын бала сөйлеу қабілетін, тыңдай және сөйлей білуді жеткілікті дәрежеде меңгеруі тиіс. Есіңізде болсын, ата-анадан баланы оқытып үйрету талап етілмейді, олар баланың бойындағы оқуға деген құмарлықты дамытуы тиіс.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала мұғалімнің басшы­лығымен, көрсетуімен, нұсқау­ымен кітапты оқудың белгілі жүйесімен, тәртібімен танысады. Оқыған кіта­бының мазмұнын біршама айтып беруге дағдыланады. Осындай дағдыларды меңгере келе өз бетінше кітап таңдауға, оқи білу дағдысына көшуге бірте-бірте бағыт алады. Міне, осы тұста үйдегі ата-ана балаға қолдау көрсетіп, дұрыс бағыт-бағдар бергені жөн.
Бәрінен бұрын, балаға көбірек уақыт бөліңіз. Баланың тілінің дамуына, танымдық дүние танымына және қоғам өміріне қатысуына отбасының ықпалы шешуші маңызға ие. Дәл осы мектепке дейінгі жаста үйден тыс өз-өзіне деген сенімділігі және тіл табыса білу қабілетінің іргетасы қаланады. Ерте балалық шақтағы тілдің даму деңгейіне баланың мектептегі жетістіктері, қатарластары арасында тіл табыса білуі байланысты болады.
Баланың оқып үйренуіне ең басты бәсекелес – теледидар. Жағдай қалай жасалғанына байланысты теледидар мен бейнеақпарат дамуға түрткі де, тежеу де бола алады. Балаға теледидар алдында өткізуге болатын уақыт шектеулі болуы тиіс. Балаңызға көруге рұқсат ететін бағдарламаларды мұқият іріктеңіз.
Әр баланың өз мінезі, өз қажеттіліктері, қызығушылықтары, ұнататыны және ұнатпайтыны болады. Оның ешкімге ұқсаймайтын қасиетін құрметтеңіз. Өзіңізге және балаңызға қол жеткізуге мүмкін мақсаттар қойыңыз. Балаға бағыт беріңіз, жөн сілтеңіз – бірақ, итергіштемеңіз. Бала махаббаттан және алатын әсерлер сан-алуандылығынан таршылық көр­меуін қамтамасыз етіңіз.
Егер бала әңгімелесу, тыңдау, оқу күнделікті өмірде қалыпты жағдай болып саналатын ортада өсіп, жетілсе, онда мектепте де негізінен кітаптардан алуға болатын мазмұнды және жан-жақты ақпаратқа қызығушылық танытатын болады, одан әуесқой және табиғи жолмен қалыптасқан оқырман өсіп шығады.
Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйретуде оқушы сауаттанады, сөз қоры ұлғаяды, ойын еркін жеткізе алады. Сөйлегенде мәдени, әдеби тілде көптеген сөздердің баламасын тауып айтып, өз ойы бойынша мазмұндап айта алады. Көркем әдебиетті үнемі оқитын оқушылар суреттер бойынша сөйлегенде шешендік қабілеттерін де көрсете біледі сөз таңдай алады.
Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйрету, оны қалыптастыру оқушыны өмірге дайындаудың негізі болып табылады.

Кенжегүл Ромашева,
№169 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

22 мамыр 2021 ж. 719 0