№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қоғамдық мәселе! Кітап оқуды қалай қалыптастыруға болады?

Қоғамдық мәселе! Кітап оқуды қалай қалыптастыруға болады?


Соңғы кезде аға буын өкілдері тарапынан «Бүгінгі жастар кітап оқымайтын болып барады»,  деген пікірді жиі еститін болдық. Демек, қазіргі таңда ең көп көтеріліп жүрген мәселелердің бірі – жастар кітап оқымайды, оқығысы келмейді дегендей уәждер болды.

Расында, жастар ғаламдық өрмектің шырмауына  еніп, электронды  ақпараттардан бас алмайды. Кітап оқымай, рухани жұтаңдыққа салынып барады деген пікірді жиі-жиі естейтін болдық.
Алайда, жастар интернеттен өздеріне қажетті мағлұматтарды алып, «асығыс заманда» уақытты үнемдеуді жөн санайды. Оның орнына тіл курстарына немесе көңілі ауған саладағы үйірмелерге  барып, тіпті, кейбіреулері нарықтың талабына сай қосымша жұмыс жасап та жүр.
Демек, нарықтың бет алысы, бағыты осыған мәжбүрлеп отыр. Яғни, қоғамның негізін кітап оқуға бұру – жай ғана мәселе емес, бұл – аса жауапты, күрделі проблема. Мұндай мәселеге үлкен көзқараспен, жауапкершілікпен қарау қажет.
Жалпы, жастарды біржақты кінәлай беруге болмайды. Өйткені, ата-ана, аға буын жастарға кітап оқуға байланысты дұрыс бағыт-бағдар беріп жатпағаны анық.  
Неге десеңіз, қазіргі ата-ана, аға толқын жастар қызығып оқитын кітапты ұсына алмай отыр. Міне, мәселе қайда жатыр?!
Кезінде әкем: «Айналайын балам, мына кітапты оқышы деп, "Әлемде түрлі қызық бар" атты кітапты ұстатты». Осылайша рухани сусындауыма жағдай жасады. Бастапқыда балалардың таным-түсінігін арттыратын кітаптарды ұсынған әкем келе-келе классикалық әдеби туындыларды оқуымды қадалады. Содан кейін Абайдың қара сөздерінің мәнін ұғып, өлеңдерімен сырласып өстік.
Содан кейін бала кезден кітап оқуға үйір болдық. Демек, ең бірінші ата-ана бала қолына өмірлік азық болатын, құнды кітаптарды ұстату керек, оқығанын бақылау тиіс. Бұл әкенің, ананың міндеті. Осы міндет өз деңгейінде атқарылмағаннан кейін бала қалайша кітап оқуға әуестенеді?   
Екіншіден, мұғалімдер оқушылардың кітап оқытуға байланысты міндетін адал атқара алмай отыр.
Үшіншіден, бүгінде айтулы тұлғалар үйлерінде отбасылық кітапханаға кітап жинау дәстүрі жоқтың қасы. Жаңақорғанда талай үйде қонақта болдым. Бірақ, үйлерінен кітап сүрелері кітапқа толып тұрғанын байқағаным жоқ. Осы үйдегі кітапхана қоры да балалардың кітап оқуына өзіндік әсері бар.
Төртіншіден, жастардың кітап оқу мәселесіне ат үсті қарайтын болдық. Испания, Италия, АҚШ секілді елдерде «Бiр ел – бiр кiтап» секілді акциялар дәстүрлі түрде өткізіледі. Осындай ауқымды шаралар біздің елде де өтсе өз нәтижесін берері хақ. Әсіресе, мектеп осындай акцияларға басымдық беріп, ай сайын қазақтың классик жазушыларының туындыларын, оқып оны талдап отырса, жастардың дүние танымы артып, зердесі ашыла түсер еді.
Айтқандай, жақында №163 мектептің кітапханасында болдым. Құтқанада балғындар кезекке тұрып, кітапханашыдан қажетті кітаптарын жамырай сұрап жатты. Оқушылардың аяғы сабырсығанда, кітапханашыға жақындап мән-жайды білдім.
– Бастауыш сыныптың оқушылары. Қазір жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқитын оқушыларға өзіндк жұмыс көп беріледі. Соның жауабын оқушылар кітапханадан іздейді. Күнде осындай жағдай. Алғашында таңқалғанымыз рас. Қазір оқушыларға қажеттісін тауып беруге тырысып, білгеніміз айтып жатамыз, – деді кітапханашы.
Демек, кітап оқитын, интеллектуалды жастар қалыптасып келеді. Сондықтан, кітапқа бетбұрыс жасаған жастарды қолдап, сапалы білім алуына жағдай жасай білейік. Себебі, Мемлекет басшысы айтқандай, ХХІ ғасырда өркендеу адам капиталына тәуелді болмақ...
Нұр-Кенже.
30 қыркүйек 2018 ж. 1 800 0