ҰЛЫ МЕРЕКЕ 5 ҰЛ МЕН 1 ҚЫЗДЫ СЫЙЛАДЫ
Ел Тәуелсіздігі күні аудандық перзентханада іңгәлаған сәбилердің үні естілді. Шуақты күн Жаңақорған халқына 5 ұл мен 1 қызды сыйлады. Қос тойы қабат келіп жатқан алты шаңырақты аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков арнайы құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
– Егемендіктің қарсаңында өмірге келіп жатқан нәрестелердің дені сау болсын. Ертеңгі елдің тұтқасын ұстар ұлы азаматтар болсын, қызымыз қылықты, ұлымыз ұлықты болсын. Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! – деді Адай Елеусізұлы.

Жылы лебізден кейін аналарға аудан әкімінің сыйлықтар табыстады. Ақын Әбілқайыр Сыздықов та ақжарма тілегін жеткізді.
P.S.: Өмірге келген ұлдар кешегі Қайраттай қайсар, Ерболдай ер болсын, нәзік жанымыз Сабирадай сұлу, Ләззаттай намысты болғай. Ең бастысы, ел үшін еңбек ететін жандар болсын. Аналарына зор денсаулық тілейміз. Тағы да Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын ағайын!
Пікір 2