№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тілсіз жауға тосқауыл керек

Тілсіз жауға тосқауыл керек

Өрт оқиғасы көбеймесе азаяр емес.
Жақында тағы да қабырғаны қайыстырған қаралы күн орын алды. Бір үйдің бес перзенті өртке оранып, мерт болды. Біздің ауданда адам шығыны тіркелмесе де, тілсіз жау жиелеп кетті. Аудан көлемінде соңғы 5 жылда 294 өрт оқиғасы орын алды. 2015 жылы 48 өрт тіркелсе, 2020 жылы 67-ге жетті.
294 өрттің 22 нысанда, 194 тұрғын үйде, 54 автокөлікте, 7 орман қоры жерінде, 17 басқа да орында орын алды. 5 жылда өрт оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапса, оның біреуі жасөспірім. Иә, су мен өрттен келетін қауіпке сақ, әрі мұқият болу керек. Алда көктем келе жатыр, суға түсу маусымы басталады, одан қала дала өрті де мазаны алады.
– Бес жылда орын алған 7 орман қоры жеріндегі өрт оқиғасы салдарынан 115,3 га өрт шалды. Ал 2021 жылды осы уақытына дейін 6 өрт оқиғасы орын алды. Оның 1 автокөлікте, 1 нысанда, 4 тұрғын үй секторында орын алды. Соның салдарынан 1 тұрғын үй толығымен жойылды. Орын алған өрттердің басты себептері ашық отты пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтамау, тұрғын үйлердегі жылыту пештерін пайдалау және орналастыру кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары мен электр желілерін жүргізу кезінде ережелерді сақтамау осындай жағдайға душар етті. Әсіресе жасөспірім балалардың ата-анасының бақылауынсыз қалып оттықпен ойнауы келеңсіз жағдайға әкелуде, – деді төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Берікбай Омаров.
Тұрғын үйлердегі және нысандардағы өрттердің алдын алу мақсатында Жаңақорған ауданының Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері­мен жеке тұрғын үйлері мен кәсіпкерлік нысандарды аралап үгіт-насихат жұмыстары жүргі­зіліп, жадынама парақшалар таратылып келеді. Жылу беру маусымының алдында тұрмысы төмен, көп балалы, жалғыз басты азаматтардың тұрғын үйлеріне 2019-2020 жылы 687 дана көмір қышқыл газын анықтайтын есептеуіштер орнатылып, тұрғындарға жұмыс істеу режимдері түсіндірілді. Бұл – бөлімнің атқарған жұмысы.
Бірақ апат айтып келмейтіні бар, қайбір жылдары дариядан көбірек ағып кету оқиғасын естідік. Әсіресе жастар суға көп кетті. Енді өрт оқиғасы жиілей бастады, сала мамандары күн жылыған мезгілде балық аулауға шыққан азаматтарға сақтық ережелерін ескертеді. Көл, дария маңында от жағып, қоқыс тастайтындар жазасыз қалмайды.
– Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақ­тау мақсатында төмендегі талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз. Жылу беру маусымы аяқталып қалды, дегенмен пештер, қазандықтар және басқа да жылу беру құралдары мен жүйелері жөнделіп, тексеруден өткізілуі қажет. Өйткені әлі айдан аса уақыт от жағатын мезгіл бар. Тұрғын үйлердегі электр өткізгіштердің, ажыратқыштардың және ток көздерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз. Электр аспаптарын, газ плиталарды орналастыру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары мен электр аспаптарын бір нүктеге қосуға жол бермеңіз, бұл электр желісінің шамадан тыс қуаттығына әкеліп соқтырады, – деді бөлімнің бас маманы Елжан Шегебаев.
Оттық пен жандырғыш құ­ралдарды балалардың қо­лы жет­пейтін жерде сақтап, балаларды қараусыз қалдырмауға үндейді. Автокө­ліктің электр сымдарының жарамдылығын мамандармен тек­­серуді де ұмытпағаныңыз жөн.
Иә, көп мәселе өзімізге байланысты, дегенмен Алланың ісіне шара бар ма деп айтамыз да қоямыз. Не болса да, елдің амандығы керек, әрине қазір күнкөрістің қамы көпті алаңдатады. Сондықтан ата-ана, аға буынды кінәлай беруге болмайды. Барлығы тіршіліктің қам-қарекеті. Бір кем дүние...

Әли ТЕМІРБЕК
23 ақпан 2021 ж. 479 0