№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде

Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде

ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы 4 мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысады.
Атап айтқанда:
1. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру,
2. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру,
3. Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу,
4. Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру.
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 186 бұйрығынасәйкес, карантиндік сертификатты беру мерзімі - 1 күнді, фитосанитариялық сертификатты беру мерзімі – 3 күнді құрайды.
Сонымен қатар, Карантинге жатқызылған жылдам бұзылатын өнімді (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін фитосанитариялық сертификат беруге өтініш келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады. Ол үшін, өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен асырмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы қоса жолдануы қажет.
Қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғаларwww.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталыарқылы өтінім бере алады.Сонымен қатар, Инспекцияда жеке және заңды тұлғалардың өтінім беру процесін жеңілдету мақсатында, «өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы да ұйымдастырылған. Өтінім түскеннен кейін, Инспекцияда ұйымдастырылған «бір терезе» қағидаты бойынша орындаушыға жолданып, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор өнімнің фитосанитариялық жай-күйін жете тексеруге барады, қажет болған жағдайда үлгілер алып, фитосанитариялық сараптамаға жібереді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысында кедергілер немесе қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 22-1-85; 22-1-62 номерлері арқылы байланысуға болады.

ҚР АШМ АӨК МИК Жаңақорған
аудандық аумақтық инспекциябасшысы
А.Нуртазаев
---
19 тамыз 2020 ж. 841 0