№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сатушының тауар туралы толық және дұрыс ақпарат беруі туралы

Сатушының тауар туралы толық және дұрыс ақпарат беруі туралы


«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңның 25-бабына сәйкес сатушы тұтынушыға тауарлар, оның ішінде тауардың мақсаты туралы және тиімді әрі қауіпсіз қолданылу жағдайлары туралы мәліметтерді, сондай-ақ ҚР-ның заңдарына сәйкес тұтынушыға ұсынылуы міндетті болып табылатын не тұтынушы мен сатушы (дайындаушы, орындаушы) арасында жасалған шартта көзделген өзге де мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Сатушы тауар туралы тиісті ақпаратты дайындаушыдан алмаған жағдайда да жауапкершіліктен босатылмайды. Бұл ретте көрсетілген Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушыға ықтимал тәуекел туралы және тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) қауіпсіз пайдаланудың шарттары туралы хабарлауға міндетті. Бұл ретте, егер тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) қауіпсіз пайдалану, оны сақтау, тасымалдау немесе кәдеге жарату үшін арнаулы ережелерді сақтау қажет болса, онда дайындаушы (орындаушы) оларды тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) қоса берілген құжаттамада, тұтыну ыдысында, жапсырмаларда немесе тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жекелеген түрлері үшін қабылданған өзге де тәсілмен көрсетуге міндетті. Осылайша, сатушы, Сізге тауар туралы толық және дұрыс ақпарат, атап айтқанда материалдың ерекшеліктері туралы ақпарат беруі тиіс.
Көрсетілген Заңның 31-бабының негізінде, Сізге залал келсе өтете аласыз. Онда сатушы тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы толық емес, дұрыс емес немесе уақтылы берілмеген ақпарат салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды толық көлемде өтеуге міндетті, сондай-ақ талап берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұтынушыға зиянды өтеу туралы жауап беруге не тұтынушының талаптарын қанағаттандыру үшін тиісті шаралар қолдануға тиіс деп жазылған. Осы нормаға сүйене отырып, Сізге шағыммен сатушыға, ол бас тартқан жағдайда тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға немесе тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісіне, сондай-ақ сотқа жүгінуге құқылысыз.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. Тел
: 8(7242) 23-50-72, 23-50-66. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №52 ғимарат. Инстаграмм: dzppkyzylorda Фейсбук: ДзппКызылорда  
04 желтоқсан 2020 ж. 663 0