№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Келісіп пішкен тон келте болмайды

Келісіп пішкен тон келте болмайды


Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Мемлекет жастардың білім алуына, кәсіп ашуына, жан-жақты дамуына айрықша көңіл бөліп отыр. Елдің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Қазіргі толқын жастарға үлкен үміт артамыз. Ал сенім үдесінен шығу әрбір жастың ортақ мақсаты болу керек, – деді аудан әкімі жанындағы Жастар ісі жөніндегі І кеңес отырысында аудан әкімі Руслан Рүстемов.


Аудан басшысы білімді, жан-жақты ұрпақ қанатын кере жайып, ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтере алатынын жеткізді. Бұл жайлы Елбасы Н.Назарбаев жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім – ғылымға және мәдениетке аса көп назар аудару қажеттігін айтып жүр. Иә, елдің жарқын болашағы тек білікті жастармен қалыптаспақ.
Одан әрі сөз алған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдар­ламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Жарасхан Мырзалиев некеге тіркелген жас отбасылардың және жыл сайынғы туу көрсеткішінің салыстырмалы түрде есебін берді.
Басшының мәліметінше, 2019 жылы 1616 бала туылса, 2020 жылы 1931 бала өмірге келген. Ал некеге тіркелгендер саны 2019 жылы 450 болса, 2020 жылы 473, 2019 жылы 100 отбасы ажырасса, былтыр 35 отбасы беріктігін сақтай алмаған.
Аудан әкімі атаулы мекеменің үкіметтік емес ұйымдармен бірге жұмыс жасауға шақырды.
Келесі сөз алған аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген түрлі несиелер алған және грант жеңімпазы атанған жас кәсіпкерлердің негізгі жұмыс бағыттарына жасалған талдаулар мен алдағы жоспарлары жайлы хабарлама жасады.
– «Еңбек» бағдарламасының ІІ бағыты «Бастау Бизнес» жобасына жұмыспен қамту орталығы арқылы 300 адам жолданып, оның 267-сі бітіріп шығып, оның ішінде 234 адам жобасын қорғап серти­фикаттарын ал­ды. Мұның ішінде 146-сы жастар. Сондай-ақ, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде 649 жоба 358 миллион теңгені құрай­тын мемлекеттік грантты жеңіп алды. Мұның ішінде 214-і жастар. Ал «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңбер­інде мемлекеттік гранттар беруге байланысты құны 10 миллион теңгені құрайтын 5 жоба жеңіп алынса, мұның 3-уі жастар, – деп тағы бірқатар жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Бүгінде жұмыстың жоқтығын желеу етіп, бос жүрген жас толқын арасында қылмысқа бойұрушылық кездеседі. Бірақ жұмыс істеймін деген жан екі қолға бір күрек табады. Өз есігінің алдындағы азғантай ауласының өзінен ерінбей еңбектенуі арқасында күнкөрісін қамтамасыз етуге қол жеткізіп отырған еңбек адамдары туралы айтып, бірден көп қаражатты талап етпейтін жұмыстардан бастап, қам-қарекеті арқылы кәсібін кеңітуге болатынын жеткізді аудан басшысы.
Сунақата ауылының әкімі Ақылмұрат Жұмаділлаев округте жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды:
– Бүгінгі таңда ауылдық округте 14-29 жас аралығындағы 531 жастың 121-і студенттер, 75-і мектеп жасындағы оқушылар. Өзге облыстарда 122 жас, 30 жас бюджеттік салада жұмыс стейтін болса, 10 жас шаруашылық құрылымдар мен өзге салаларда еңбек етіп жатыр. 35 жас келіншек бала күтімінде болса, 101 жас өзін жұмыспен қамтығандар санатында, – деді.
Қаратөбе ауылдық округі бойынша хабарлама жасаған ауыл әкімі Жомарт Дүйсенбиев ауылда тұратын 1728 жанның 452-і жас, әскер қатарында 6 жас бар екенін ауыл жастарының 35-і Ресей мемлекетіне барып жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті.
«Жаңақорған аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры Нау­рызбай Орынбасаров:
– Қазіргі таңда ауданда 18 548 жас болса, жұмыссыздар саны – 619, өзін-өзі қамтыған жастар – 226, студенттер 1 845, 14 жастан жоғары оқушылар – 3 957, тіркелген жас кәсіпкерлер – 373, жас мемлекеттік қызметшілер – 23, биыл отбасын құрған жас отбасылар – 389, мүмкіндігі шектеулі тіркелген – 356, өзге ұлт өкілдері – 97 жасты құрайтынын айтты. Орталық аудан жастарымен тығыз қарым-қатынаста түрлі бағдарламалық жұмыстарды іске асырып келеді, – деді.
Сондай-ақ, Сүттіқұдық ауылының әкімі М.Абдуллаев елді мекенде 571 жас барын, ешқандай қылмыстың тіркелмегендігін жеткізді.
Аудан әкімі тиісті тараптарға кәсіпкерлікке ниетті жастардың нақты санын анықтап, талдау жасауды, кәсіпкерлікке ниет білдірген жастармен
жұмыс жасауды тапсырды. Сондай-ақ, жастардың әлеуметтік-демогра­фиялық сипаттамасын, тоқсан сайын жаңартып отыруды тапсырды.
Сондай-ақ ұжым, мекеме бас­шыларына өзге аудандардағы жағдайды түбегейлі зерттеп, жаңашыл жастарға бағыт беруді тапсырды.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов барлық кент, ауылдық округтің фейсбук әдлеуметтік желідегі парақшалары жүргізілген мониторинг жайлы хабарлама жасаса, облыстық жастар ресурстық орта­лығының шығармашылық және бұқаралық спортты дамыту бөлімінің басшысы Әліби Басаров «Әлеуметтік желідегі сауаттылық, оны тиімді пайдаланудың жолдары» туралы түсін­дірме жасады.
Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген заманда кері кетпей, керісінше сапалы білімге ұмтылсақ, талмай еңбектенсек ұлтымыздың асқақ, еліміздің алға қарай қадам басуына біз де өз үлесімізді қосамыз. Міне, жиынның мақсаты осы болатын.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
03 сәуір 2021 ж. 531 0