№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МОДУЛЬДІ МАЛ СОЮ ПУНКТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

МОДУЛЬДІ МАЛ СОЮ ПУНКТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ


Жаңақорған мал шаруашылығы бойынша Сыр өңіріндегі іргелі аудан. Яғни, аймақтағы төрт-түліктің үштен бірі біздің ауданға тиесілі. Сондықтан мал басын асылдандыру, бордақылау, ет бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жыл сайын жандана түсуде. Әсіресе мүйізді ірі қараның шаруасы ширай бастады. Бүгін ауданда тағы бір жоба жүзеге асты. Асыл тұқымды репродуктор шаруашылығы саналатын «BarysAgro» ЖШС-де модульді мал сою пункті іске қосылды. Аудан әкімі Руслан Рүстемов арнайы цех жұмысымен танысып, жаңа ғимараттың лентасын қиды.
Күніне ауысым бойынша 10 ірі қараны сояуға арналған мал сою пункті «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен біріге жасалған бірегей жоба. Ұлттық компания Нұрлан Серқожаұлы басқаратын мекемеге 103 млн теңге инвестиция құйып, ет, сүт бағытындағы жұмыстар жүйеленіп келеді. Қазір «BarysAgro» ЖШС-де отандық 50 бас ет бағытындағы «қалмақ» және ет пен сүт бағытындағы 50 бас асыл тұқымды «әулиеата» қашарлары байлаулы тұр.
Ал бүгінгі іске қосылған мол сою пунктің құны – 33,4 млн теңгені құрайды.
– Қазір қожалық меншігінде 200 бас МІҚ бар. Алдағы уақытта «Байқоңыр ӘКК» АҚ бірлесіп, 100 бас асыл тұқымды ет бағытындағы МІҚ сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ, вакуумды және консервленген сиыр етін өндіруді қолға алатын боламыз, – деді «BarysAgro» ЖШС басшысы.
Айта кетейік, ашылу салтанатына «Байқоңыр ӘКК» Ұлттық компаниясы АҚ-ның төраға орынбасары Мұхтар Жансейітов және бөлім басшылары мен аудандағы ірі-ірі шаруашылық төрағалары қатысты.
Жалпы цехтың мүмкіншілігі қандай, басқа да тұрғындар мүйізді ірі қараларын союға бола ма? Жалпы заманауи техникамен жабдықталған мал сою пункті туралы мақаланың толық нұсқасы газеттің алдағы санынан оқи аласыздар...
23 қазан 2020 ж. 864 0