№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Негізгі бағыт – аграрлық сектор

Негізгі бағыт – аграрлық сектор


Аудан әкімі ауылшаруашылығы саласын жүйелі даматуға бағытталған бастамаларды егжей-тегжей тарқата айтты.

Оның сөзінше, Жаңақорған аграрлық салаға бейімделген, халықтың басым бөлігі осы саладан ризық-несібесін айырып отыр. Биыл 36 мың 108 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылын орналастыру жоспарланды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 768 гектарға (35340) артық. Бірақ күріш 1000 гектарға азайды. Оның басты себебі – Сырдария өзеніндегі судың мөлшері жылдағыдан азайды. Енді уақыт суды аз қажет ететін дақыл түріне басымдық беруді талап етеді.
Әртараптандыру бағытында өткен жылдан бастап облыстық сала маман­дарын, ғалымдарды қатыстыра отырып, аудан шаруаларымен бірнеше рет семинар өткіздік. Ондағы мақсат – су тапшылығы кезінде күріш алқаптарында атқарылатын іс-шаралар мен суды аз қажет ететін дақылдарға көшуге бейімделу.
Жалпы Жаңақорған ауданы об­лыстағы ауылшарушылығының 15,4 пайызын құрайтын болса, оның ішінде, мал шаруашылығы 18,9 пайыз (уақ малдың үлесі салмағы – 47,5 пайыз).
Мал басының артуымен мал азығындық дақылдарға басымдық берілуде. Оның айғағы – өткен жылмен салыстырғанда жоңышқа 316 гектарға артып, 18 мың 170 гектарға (17854), ал, бидай дақылы 1578 гектарға артып, 4 мың 690 гектарға (3112) орналастырылады. Бесарық ауылдық округіне қарасты «Пазылбек Қажы» шаруа қожалығында «Акватерра гидрогелі» су үнемдегіш жаңа технологиясымен 500 гектарға мақсары, 100 гектарға жаздық бидай дақылын егу жоспарлап, қазір жер айдау жұмыстары жүргізуде. Бұл тәжірибе өзге шаруа қожалықтарға үлгі етуге болады. Неге десеңіз, біріншіден, тау беткейдегі жерлерді тегістеп егістік қалыпқа келтіретін болса, екіншіден, суды аз мөлшерде пайдаланып, мол өнім жинауда.
Елді-мекендегі жалпы көлемі 327 гектарды құрайтын агроаймақтарда көкөніс, бақша дақылдарын егу межеленуде. (Қандөз – 60 га (тары), Қаратөбе – 47 га (бақша, тары), Сүттіқұдық – 20 га (көкөніс, бақша), Төменарық – 50 га (көкөніс, бақша), Ақүйік – 100 га (картоп, көкөніс, бақша, жүгері), Жаңақорған кенті – 50 га (картоп, көкөніс, бақша, жүгері). Бұған шаруалар да машықтанды. Ауданның тау беткейіндегі шаруалар жаз уақытында судың аз болу қаупін ескеріп, ескіден қалған дәстүрді пайдаланып, шахталық керіздер (котлован) қазуды іске асыруда.
Еліміз тәуелсіздік алған 30 жылдың басым бөлігінде негізінен әлеуметтік бағыттағы жұмыстарға басымдық беріліп, ауылшаруашылығы саласын аяқ сумен қамту жағдайына жергілікті бюджеттен қаржы бөлу жұмыстары кемшін болып келгені рас. 2020 жылдан бастап каналдар мен ыза су қашыртқыларын тазалау жұмыстары қолға алынды. Биыл да елді мекендердегі аяқсу арнасын тазалау жұмыстарына аудандық бюджеттен 68 млн. теңге бөлініп, оған 29,6 шақырым құрайтын канал тазаланады. Нақты айтқанда, Қаратөбе ауылдық округінде Сумағар магистралды каналынан КМК-на құятын Р-5-3 каналы бойынан ұзындығы 4 шақырым каналға тазалау және реконструкциялау жұмыстарына 27,6 млн теңге қаралды. Ал, Қыркеңсе ауылдық округінде 10,2 шақырым құрайтын Р-23 каналына 24,6 млн теңге, Аққорған ауылдық округінде 8 шақырымға созылған Р-11 каналына 8,1 млн теңге, Келінтөбе ауылдық округінде 7,4 шақырым болатын Р-7-1, Р-12, Р-5-3 каналына 7,8 млн теңге қаралды. Ал, «Қазсушар» кәсіпорны арқылы КМК 2,5 шақырым, К-2 су қашыртқысы 2,4 шақырымын тазалау жоспарланды.
Сыр өңірі бойынша төрт түліктің басым бөлігі Жаңақорған ауданында шоғырланды. Оған ауданның геог­рафиялық тиімді аймақта орналасуы оң әсер етуде. Яғни Қаратау, Сыр, Қызылқұм мезгілдің қай кезінде болмасын мал бағуға ыңғайлы. Осындай артықшылықты аудан шаруалары тиімді пайдаланып отыр.
2021 жылы «Сыбаға» бағдар­ламасымен 125 бас мүйізді ірі қара және «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 3750 бас қой аналығы сатып алу жоспары бекітілді. Қазіргі уақытта 2 шаруа қожалық мүйізді ірі қара («Заман-Ата», «Маржан» шаруа қожалығы) және 15 шаруашылық құрылымы қой сатып алуға («Нұрбол-И», «Сұңқар», «Сәрсенбек», «Сатдин», «Тұрсынбек», «Асхат», «Сенім», «Асан», «Муспенов», «Нарбота», «Даму-М», «Дос», «Асылжан», «Сұлтан Төре», «Икмат» шаруа қожалығы) қаржы ұйымдарымен бірлесе отырып, құжаттарын жеңілдетілген несие алуға дайындауда.
Бұқашықтарды бордақылау алаңына өткізу жоспары 2186 бас болса, бүгінгі күнде 1811 бас бұқашық өткізді. Бұл – 82,8 пайыз орындалып, жыл аяғына дейін жоспарды толық орындауға мүмкіндікті артты. Сонымен қатар мүйізді ірі қара малдың аналығын тұқымдық түрлендіруге қатыстыру жоспары 14689 бас болып бекітілген. Бұл жоспарды да толық орындауға мүмкіндік бар.

Нұрлат АЙТЖАН
30 наурыз 2021 ж. 454 0