№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алыпсатар, пайданы емес, халықты ойла

Алыпсатар, пайданы емес, халықты ойла

Коронавирус алқымнан алып, тынысты тарылтқан сәтте етектен тартатын бөрілер аз болмай тұр. Иә «жау жағадан алғанда, бөрі етектен аладының» күйін көшудеміз. Біздің теңеуіміздегі бөрілер – халықтың емес, қалтаның қамын ойлаған алыпсатарлар. Бұл қыстан қысылып шыққан халыққа ауыр тиетіні анық. Ел арасында азық-түлік қымбаттай береді деген үрей бар. Сондықтан халық базардағы азық-түлікті жаппай көтеріп кетуге даяр екенін көрсетуде. Базарларда әлі де адам аяғы басылар емес. Аудан әкімі Сұлтан Мақашов базар бағасы халыққа қолжетімді болуы керектігін ескертіп, арнайы топтар құруға пәрмен берді. Баға тұрақтылығын сақтау мақсатында біз арнайы нұр отандықтармен бірге рейдке шықтық.
Елде төтенше жағдай жария¬ланып, қауіпті індетті алдын алу шаралары басталып, мерекелік және т.б. шаралар тоқтатылды. Бұл халықтың наразылығын тудыра қоймасы анық. Алайда азық-түлік бағасын ескертулерге қарамастан қымбаттатып жіберген пысықайлардың қарекетіне күйініп, абыр-сабырға түскені рас. Бір жағынан, азық-түлік түрлерінің қымбаттауына тек жергілікті сатушыларды кінәлау қате пікір де шығар. Бұл әлемде мұнай бағасының құлдырауы мен мемлекеттер арасындағы шекараның жабылуынан туындаған қиындық екенін ескеру керек-ақ. Тұтынушының сатып алу қабілетінің жоғарылап, тауар түрлеріне сұраныс артқан жағдайда бағаның қымбаттап кетуі нарық заң¬дылығы. 21-22 наурыз күндері аудандағы сауда орындарында осыны бай¬қадық. Халықтың қарасы қалыңдап, сауда үйлерінде ұзын-сонар кезектер құрылды. Мұны пайдаланған кейбір дүкен иелері бағаны көтеріп, қалта қамын ойлауға көшкені көпшілікті қынжылтты. Жалақысы қолына тиіп, отбасына азық-түлік сатып алуға келген Нұргүл Жарасқызы: «Кенттегі ірі сауда үйлерінде адам қарасы өте көп. Оған қоса баға біршама қымбаттап, кейбір тауарларды алуға мүмкіндік болмады», – деді.
Сүттіқұдық ауылының тұрғыны Дина Айдаулова мұндай жағдайға алғаш рет куә болғанын айтып, таңданысын жасырмады: «Әрине елдегі жағдай алаңдатады. Алайда мұншалықты дүр¬лігу дұрыс емес. Азық-түліктің бірқатары қолжетімсіз болып тұр. Мына жағдай көктемдік бағаның өсуімен сәйкес келіп тұрғаны елдің еңсесін басуда. Бұл уақытша құбылыс деп сенейік», – деді.
Жаңақорған аудындық «Nur Otan» партиялық бақылау комиссиясы бірнеше рет сауда орындарында мониторинг жасады. Рейд барысында базарларда міндетті санитарлық тазалықты қадағалап, азық-түлік бағасының тұрақтылығына бақылау жүр¬гізді. Төтенше жағдайға байланысты белгіленген уақыт аралығында жұмыс жасап жатқандығына көз жеткізді. Қаңтар айынан бастап үшінші рет жүргізілген бақылауда әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы едәуір өскеніне көз жеткіздік. Дәлірек айтқанда, қаңтар айымен салыстырғанда күріш 30-50 теңгеге, қарақұмық 50 теңгеге, картоп 40-50 теңгеге, құмшекер 40 теңгеге, күнбағыс майы 80-100 теңгеге, 50 келілік ұн бағасы 6500 теңгеден 7500-8000 теңгеге қымбаттаған. Тіпті кейбір дүкендер ұн бағасын 9000 теңгеге дейін шарықтатты. Сәйкесінше, алып сатарлар нан бағасын да 10-15 теңге көтеруге мәжбүр болғандарын айтып ақталды. Бұл өткен аптадағы базар бағамы.
Бүгінде халық арасында баға тұрақтылығын жауапты басшылар неге қадағаламайды деген сұрақ маза¬лайтыны анық. Бұл жайында тиісті шаралар атқарылып та келеді. Күні кеше «Алтын қамба» облыстық тұрақтандыру қорынан қолжетімді бағада белгілі мөлшерде картоп 90 теңге, ұн 6100 теңге, пияз 55 теңге, күнбағыс майы (5 литр) 1625 теңге, макарон өнімдері 20 келілік қапшық 2800 теңгеден саудаланды.
Бүгінгі базар бағамы қандай? Осы сынды сұрақтарға жауап алмаққа сауда орындарына қайта бардық. Байқағанымыз баға тұрақтанған. «Ақсұлтан» көкөніс, жеміс-жидек дүкенінде бағаның төмендегенін көрдік. Сатушылар Түркістанда бағаның бұрынғыдай тұрақты екенін айтуда. Халықтың сұранысы жоғары «Заңғар», «Береке» сауда орнында 50 келілік ұн бағасы 7500 теңгеге түсіпті. Ал картоптың келісі бұған дейін 170 теңгеден сатылса, оның бағасы 110-120 теңгеден сатылып жатқанын көрдік. Сатушылар мұны тауардың арзан келуімен байланыстырды.
«Заңғар» сауда үйінің иесі Нұржан Палмановтың сөзінше, күндегісін күнде азық-түлік түрлері әкелінуде. Тауардың басым бөлігі Қызылорда қаласынан келеді. Сондықтан халықтың азық-түлік қоры таусылады деп абыржуына негіз жоқ екен.
– Рас өткен аптада Түркістан жабылып, азық-түлік бағасы қымбаттады. Бір-екі күннің көлемінде қайта ашылып, таңғы сағат 10-нан бастап берілуде. Көктемде бағаның көтерілуі мезгілдік құбылыс. Бүгінгі сауда тұрақтады. Көкөніс өнімдері әлі де арзандайды деген үміт бар, – деді сатушы Шәймерден аға.
Түйін. Халықтың жаппай азық-түлік сатып алуы бағаның өсуіне ықпал етті. Қалай болғанда да, кәсіпкерлер, пайданы емес, халықты ойлау керек! Осыны рухани тұрғыда сезінетін уақыт келді.

Майра ҒАНИЕВА

27 наурыз 2020 ж. 830 0