№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БОЛАШАҚ ЖАСТАРМЕН НҰРЛЫ

БОЛАШАҚ ЖАСТАРМЕН НҰРЛЫ

Елбасы жылдағы Жолдауында білім саласына көбірек басымдық береді. Биылғы Жолдауда білім саласы, оның ішінде орта мектептердегі оқыту жүйесіне жаңаша бағытта жұмыс жасауды нақтылады. Әрі, үштілділікті тереңдете оқытуды тапсырды. Бұл міндеттемелерді орындауға аққорғандық жастар жұмыла кірісті. Яғни, «Zhassprojekt» жобасы арқылы грант жеңіп алып, үштілде оқыту курсын ашты. Сондай-ақ, Түгіскен жастары тағы бір игі бастама арқылы жоба жеңімпазы атанды. Мән-жайды білмекке жастармен сұхбаттасып көрдік.
Алдымен, үштілділік мәселесіне келсек. «Білімді жас – ел ертеңі» деп аталатын жоба балалардың сауатын тереңірек ашуға жол ашатын болады. Нақтысын айтқанда, 6 ай қазақ, орыс және ағылшын тілінен мектеп шәкірттеріне қосымша сабақ оқытылады. Осы аралықта 150 оқушыны қамтуы керек. Әрбір айға шаққанда 30-ға жуық бала үш тілде дәріс алып, білімін тереңдете түседі.
– Ағылшын тілін білу сән емес, бұл заман талабы. Сондықтан, оны тереңдете оқыту да бүгінгі күннің басты мүддесіне айналды. Жалып, жоба мақсаты бойынша көбіне көп балалы отбасылардан шыққан оқушылар мен жартылай жетім балалардың сабақты молырақ алуына мүмкіншілік жасаудамыз. Ал, сыныптарға келетін болсақ, 1-11 сынып аралығында дәріс береміз, – деді топ көшбасшысы Айдана Тәжібекова.
Аптасына үш күн оқыту сабағы жүргізіледі. Алдымен, үлкен топпен жұмыс жасайтын болса апта соңында кіші сыныптар оқытылады. Арайлым Исматова менторлық жасайтын жоба Динара Байжанова, Әйгерім Сейілхан және Берік Бабанов сынды жастардың жұмыспен қамтылуына мүмкіндік берді.
– Шыны керек, қазір ағылшын тілін үйренуге деген оқушылардың ынтасы жоғары. Оны үнемі өтіп тұратын пән аралық жарыстарға аңғарамыз. 9-11 сынып оқушылары болашағын техникалармен байланыстыруды жөн көреді. Сондықтан, оларға үш тілді, әсіресе шет тілін жетік меңгеру өте қажет. Осыны ескеріп оларға басымдықты көбірек береміз, – деді Берік Жолдасұлы.
Келесі жоба «Игілікті іс-ұрпақ жалғастығы» деп аталады. Несібелі Абдурахманова жетекшілік ететін жастардың алған бағыты қарттарға жәрдемші болу. Әсіресе, жалғызбасты ауыл ардагерлеріне көмектесіп, апта сайын қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік сыйлау.
– Жалпы 6 ай ішінде 80 қарияға қамқорлық көрсетуге тиіспіз. Жоспар бойынша 3 ай ішінде 40 ардагерге қолғабыс жасап үлгердік. Қазақта «Қарты бар ел қазыналы» деген сөз бар емес пе? Сол қазына толы қарттарымызды қадірлеп, әрдайым жанына жылулық сыйлау перзенттік парызымыз. Біз бұл жоба арқылы өскелең ұрпаққа мейірімділікті, үлкенге құрмет көрсетуді үйретуге тырысамыз, – деді топ менторы Ізбасхан Әбілтанов.
Жалғыз басты қарттардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту, асыраушысы жоқ, аз қамтылған, әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларына көмек қолын созуды мақсат тұтқан жобада Фариза Байжанова, Феруза Жұмаділлә, Рита Нархожаева есімді нәзік жандылар қызмет жасайды.
– Қарттарға құрмет көрсету ұлағатты ұрпақтың парызы. Біз осы қағиданы ұстанып, жарқын жобаны ұсынып көрдік. Жобамыз қолдау тапқанына қуаныштымыз, – деді Перуза.
Түйіндей айтқанда, Түгіскендегі жастардың жарқын жобасы осындай. Ең бастысы, оқушылар сапалы білім алып, қарттар қамқорлыққа бөленіп жатыр. Бұл игі бастама әлі де жалғасын табатынын жастар қуаттап отыр.

Бек ЖАРЫҚБАЙ.
23 қазан 2018 ж. 1 018 2

Гость Jeahulalf от 27 ақпан 2019 07:40
Propecia 40 Mg buy levitra 10 mg Farmacie Online Italiane

Гость Jeahulalf от 15 наурыз 2019 17:41
Priligy En Valencia Cialis In Apotheke Kaufen antabuse online pay with paypal Does Keflex Treat Impetigo Cephalexin Nursing Responsibilities Levitra Farmacia