№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төлем картасын пайдаланарда сақ болыңыз

Төлем картасын пайдаланарда сақ болыңыз

  Елімізде соңғы кездері төлем карточкаларымен жасалатын алаяқтық деректер жиілеп кетті. Әсіресе ғаламтор бетінде онлайн-дүкендердің қаптауы сан соқтыруда. Алайда банк қызметкерлері мұны алаяқтық дерек ретінде қарастырмайды. Себебі қызметтің бұл түрін тұтынушы өз карточкасындағы құпия сөзді әлеуметтік желіге саналы түрде енгізеді. Ал осы төлем карточкаларына байланысты тағы басқа қандай алаяқтық түрлері бар. Соған тоқталсақ...


  Төлем картасын пайдаланушылар санының күн санап артуы алаяқтардың түрлі әдіс-тәсіл арқылы жымысқы тір­лікке баруына жол ашуда. Олар бүгінде жымқырудың астыртын әдісін де мең­герген. Ол үшін төлем картасының нөмірі, пайдалану уақыты мен жеке CVV коды, яғни төлем картасы иесінің қолтаңбасы жанындағы 7 санның соңғы 3 нөмірі ұрылардың қолына түссе, өздері үшін керекті мәліметті алуға жетіп жатыр. Мұндай жағдайды олар телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы іске асырады. Мәселен, «Сіз ұтысқа ие болдыңыз. Ол үшін бізге мынадай мәліметтер керек» дегендей оймен құрықтарына түсіреді. Бұған оп-оңай алданған кез келген адамға «Төлем картасы қолымда. Нөмірін берсем берейін» деген ой келеді. Осыдан кейін карточкада тұрған ақшаны шешіп алу үшін, бұл пластикалық заттың олардың қолында болуы шарт емес.
  Мұндай операциялардың орын алуына алаяқтардың халықтың сенімі мен қаржылық сауатсыздығын пайдалану арқылы төлем картасының иесін сан соқтыруы да себеп бола алады. Мәселен, сіз төлем картасынан ақша аударуды білмей, жаныңызда тұрған адамның көмегіне жүгінесіз. Ал осыны сәтті пайдаланушы алаяқ болуы әбден мүмкін. Сонда ол картаны дұрыс пайдалана алмайтыныңызды біліп, ақшаны өз картасына жібереді. Сөйтеді де «күтіңіз, ақша жарты сағат ішінде тиесілі картағы түседі» деп кетіп қалады. Көрсеткен көмегіне алғыс жаудырған тұтынушының кім екенін сіз білмейсіз, есесіне қаражатыңызды өз қолыңызбен өзгенің қалтасына салып бергеніңізді кеш ұғасыз.
Бүгінде ғаламтор желісінің айдарында қайырымдылық шарасына да байланысты ақпараттар толып жүр. Көмекке зәру жандар көпшіліктен қол ұшын беруді сұрап, жағдайын айтады. Ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланғысы келетін алаяқтар мұны да құр жібергісі келмейді. Олар көрсетілген нөмірге қоңырау шалып көмектескісі келетінін, алайда ақшаның аударылмай жатқанын жеткізеді. Жұрттан жылу іздеп, жылы сөзді естіген ол карта туралы бүкіл мәліметті береді. Осымен тірлік бітіп жатыр. Қарақшылар өз айласын іске асырды деген сөз. Бұлардың ізін жасыруына тіркелмеген нөмір арқылы хабарласуы да көп септігін тигізеді.
  Осы ретте әлеуметтік желіде төлем картасынан ақша алу барысында алаяқтық немесе қандай да бір себеппен ақшасын жоғалтқандар бар ма деген сынды сауалнама жүргізген едім. Осы сұрақ бойынша кент тұрғыны, Рауан есімді азамат «Банкоматтан ақша алудың өз заңы, тәртібі бар екенін бастан өткергенде ғана біледі екенсің. Бірде кезекті жалақымды алу үшін банкоматқа барып, құпия кодты теріп, күтіп тұрғанымда, банкомат шығарған ақшаны қайта жұтып қойғанына куә болдым. Содан банк қызметкерлеріне жүгіндім. Олар мұндай жағдай жиі кездесетінін айтты. Оның себебі банк тұтынушысының ақшасын қорғау мақсатында жасалады екен. Содан өтініш жазып, келесі айлық жалақымды алғанда екі есе ақшаны қолға алғаным бар» деп жазыпты. Бұйырған кетпейді деген осы болса керек. Ал сауалнама барысында әзірге ауданымызда алаяқ­тарға алданғандар жоқ екенін де айта кеткіміз келеді.
Сондай-ақ осы күні қолма қолсыз ақша нарығында төлем карточкаларын пайдалану кеңінен орын алған. Соңғы бірнеше жылда оны тұтынушылар санының артуы, алаяқтардың да кө­бейюіне мүмкіндік беруде. Оған карточка пайдаланушылардың төрт санды кодты жазып карточкаға жабыстырып қоюы да себеп. Егер сіз оны ұрлатып не болмаса жоғалтып алсаңыз осы арқылы түрлі транзакция жүргізуге кез келген адам ие бола алады.
Осыған байланысты карта иеле­ріне төлем карталарын сақтау және пайдалану кезінде тиісті сақтық шара­ларын ұсынсақ дейміз.
– картаның ПИН-коды мен нөмірін өзгелерден құпия сақтау;
– карталарыңыздың орнында бо­луын тұрақты түрде тексеріп отыру;
– өзіңізбен бірге картаның нөмірі мен банктің нөмірін үнемі алып жүру;
– картаңыздың нөмірі көрсетілген, ендігі қажеті жоқ кез-келген құжатты жою;
– ПИН-кодты теру кезінде сандардың өзге тұлғаларға көрінбеуін бақылау;
– картаны өзге тұлғаға бермеу, сауда және қызмет мекемелерінде картамен жүргізілетін барлық операцияларды Сіздің қатысуыңызбен жүзеге асыруын қадағалау;
– картаңыздың шотын пайдалану арқылы сатып алуды жүзеге асыруды есеп­темегенде, ешкімге шотыңыз туралы ақпаратты бермеу;
– карта жоғалған немесе ұрланған жағдайда, банкке жүгініп өзіңіздің шотыңызды оқшалау.
Осы ережелерді ескерген жағ­дайда ғана алаяқтардың құрығына ілінбейтініңіз анық.

Лаура БИБАСАРОВА


07 сәуір 2020 ж. 1 054 0