№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Наурызбай


Наурыздың жиырмасында туған шекесі торсықтай ұлға атасы Наурызбай деп қойған. Аты аңызға айналған батыр, ұлт қаһарманының есімін еншілеген Наурызбай кең маңдайлы, ашық-жарқын мінезді, көпшіл ұл болып ержетті. Атасы Орынбасар мен әжесі Нәзігүлдің бауырында өскен елгезек бала – Ерік пен Ғазизаның тұңғыштары.


Ол өмірге келген 1993 жылдары халық арасында Наурыз мейрамы бүгінгідей халықтық деңгейде тойлана бермейтін еді. Бірақ бұл шаңырақтың асыға күтетін мейрамына айналған. Жыл сайын жақын-жуық, ағайындар бас қосып туған күн мен мерекені қоса тойлайтын.
Наурызбай Орынбасар №163 мектептің түлегі. Мектепте оқыған жылдары ол белсенді, оқуда озат болып мектепті «Алтын белгіге» аяқтады. Сөйтіп Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінің мемлекеттік және жергілікті басқару факультетіне грантқа оқуға түседі. Бозбала университет қабырғасында жүргенде де қатарының алды болды. Әлемдік деңгейдегі тілдерді біліп, шет мемлекеттерде де білімін шыңдады. Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін де университет қабырғасында бірнеше жыл оқытушылық қызмет атқарды.
Бірақ көкейіндегі ауылға қызмет ету азаматтық борышым деген ой оның туған жерге табан тіреді. Ол бүгінде Жаңақорған Жастар ресурстық орталығының директоры. Сонымен қатар «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының белді мүшесі. Әрдайым игі істерді жоспарлап, қамкөңіл жандарды қуантуға бағытталған игі істердің басы-қасында жүріп, елдің ыстық ықыласына бөленіп жүр.
– Шүкір, Наурыз мейрамы халықтық деңгейде тойланатын деңгейге жетті. Ұлтымыздың ұлық мерекесі елімізге молшылығын алып келсін. Әрбір шаңырақ шаттыққа, береге толып, ынтымағымыз ыдырамасын, – деген лебізін білдірген ол биылғы 20-наурыз туған күні қарсаңында қолына өмірлік құсын қондырып, ата-анасына сый жасамақ. Біз де ұжымның атынан шаңырағың биік, керегесі кең болсын деп тілектестік білдіреміз.

Әйгерім МӘДИҚЫЗЫ

20 наурыз 2021 ж. 395 0