Елтаңба авторы туған жерінің "Құрметті азаматы" атанды
Биыл тәуелсіздіктің ең үлкен белгісі саналатын мемлекеттік рәміздерге де ширек ғасыр толғалы тұр. Осы тұста Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековті туған жері кең құшақ жая қарсы алып, Жаңақорғанның құрметті азаматы атағын беріп, құрмет көрсетке еді.
Осы Мемлекеттік рәміздердің бірі – Елтаңба. Көпшілік қауым Елтаңбаны, оның авторын таныса да автордың өмір жолын, Елтаңбаның жасалу тарихын біле бермеуі мүмкін. Жоғарыда айтқандай, биыл мемлекеттік рәміздерге 25 жыл толатынын ескере келе, сол тарих тереңіне кеткен өткен күндер белесімен таныстыруды жөн көрдім.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков ағамыз екенін білеміз. Елтаңбаны жасаған тұста ол елу жаста болатын. Ол 1942 жылдың 24 наурызында Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылында теміржолшының отбасында дүниеге келген. Балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарына тура келді. Бүкіл ел ол кезде «Бәрі де Отан үшін, бәрі де жеңіс үшін» ұранымен жұмыс істегенін білеміз. Анасынан өте кішкене кезінде айырылып, әкесінің және ауылдағы үлкен азаматтардың тәрбиесін көрген бала Жандарбек 1949 жылы Екпінді ауылындағы «шпал мектеп» деп аталатын білім ошағының табалдырығын аттайды. Соғыстан кейінгі жылдары мектептердің көпшілігі 7 жылдық болып келгенін ескерсек, «шпал мектептің» тозығы жетіп, бала Жандарбек оқып жүргенде мектеп бұзылады. Сөйтіп 4 класты «№166 детдом 7 жылдық мектебінде» білімін жалғастырған екен. Өйткені соғыс жылдары Ресейдің ішкі аймақтарынан келген жетім балалар сонда оқып, сол атау қалыптасып кеткен көрінеді. Бұл мектепте оқыған кезде де сол кездің қиыншылықтарына байланысты сабақ барысы оңай болмаған. Аталған 7 жылдық мектепті 1956 жылы бітіріп қалған класты Жаңақорғанға барып оқуға тура келді. Сөйтіп шағын ауылдан сыртқа шығудың алғашқы жолы содан басталды. Ол уақытта Жаңақорғанда малшы, теміржолшы болып жұмыс істейтін жұмысшылардың балалары оқитын интернат ашылып, сол интернатқа қабылданады. Жаңақорғанда 9 класты оқып жүргенде, 1958 жылдың көктемінде Сыр өзені мінез көрсетіп, қонысты су алып, Жаңақорған мен Төменарық станциялары арасындағы Жайылма, Бөрітескен разъездерін су шайып, тесік көпірлер арқылы тау беткейіне дейін жайылған екен. Ал білім алу уақыт күтпейді.
Осы кезеңдерде мемлекетте балалардың білім алуына баса назар аударып, ауылдық жерлерден де интернат ашып, оқытуға көп көңіл бөліп, сәтін салғанда сондай интернаттың біреуі Төменарықта ашылады. Содан кейін Жандарбек аға поезбен Төменарық ауылына келіп, сол интернатқа орналасып, №53 қазақ орта мектебінде 9-10 сыныпты оқиды. І.Құдияров, С.Орынбаев секілді білікті ұстаздардан білім нәрімен сусындап, 1959 жылы мектепті ойдағыдай аяқтайды.
Сол жылы Қызылорда қаласында тұратын Құдайберген есімді ағасына барып, Ташкентке оқуға барғысы келетінін ашып айтып, Қызылордада екі күндей аялдап,Ташкент бағытына жүретін поезға билет алып, бейтаныс шаҺарға жол тартады. Пойызда өзіндей жас жігіттермен танысып, әңгімелесіп, Ташкент шаһарына жетеді. Бәрінің күтіп алар ағасы бар. Жігіт Жандарбек соларға ілесіп бір өзбектің үйіне келіп түседі. Қасындағы жігіттің ағасына Сурет училищесіне түскісі келетінін айтады. Екеуі бірге аталған оқу орнын тауып барса, емтихан бітіп, жатақханалар беріліп қойған екен. Ешкімі жоқ нән шаһарда Жандарбек ағаны Сурет училищесі жатақханасымен де қызықтырған еді. Содан әлгі жігіт «егер түскің келсе, біздің политехникалық институтта құрылыс-архитектура факультеті бар, құжатыңды тапсыр» дейді. Сөйтіп Жандарбек ағамыз Ташкент политехникалық институтына оқуға түседі. Ол оқу орнында білім алу оңай шаруа болмаған екен. Себебі сол кездің заңы бойынша студенттерді күндіз құрылыс алаңына апарып жұмыс істетсе, кешкі жетіден кейін ғана институт партасына отырған. Төртінші курста оқып жүргенде Украинаға жол тартып, Киевте практикадан өтіп, диплом алғаннан кейін Алматыға кетпек болады. Бірақ мұндағы өзбек ағайын үш жыл осында жұмыс істеуді шарт етіп қояды. Сондай себептермен Өзбекстанда қалып, абыройлы қызмет атқарып, биіктерден көрінеді. Өзбекстанның Ташкент, Наманган, Нүкіс секілді қалаларының архитектуралық дамуына үлкен үлес қосып, өз қолтаңбасынқалдырды. Сол еңбегі ескеріліп, Өзбекстанның Еңбек сіңірген сәулетшісі атанды.
Қазақстан тәуелсіздік алған тұста, 1991 жылы Президент Н.Назарбаевтың жарлығымен Мемлекеттік рәміздерге халықаралық байқау жарияланады. Жандарбек ағамыз өзінің көптеген жоспарын ысырып қойып, еліміздің Елтаңбасын жасауға кіріседі. 1992 жылдың 27 наурызында байқауға арналған Елтаңба жобасын Жоғарғы Кеңестің бәйге материалдарын қабылдайтын бөлмесіне тапсырады. Тек Мемлекеттік Елтаңба үшін 293 жұмыс түсіп, соның 6-уы іріктеліп алынады. Оның ішінде Ж.Мәлібековтің де жасаған жұмысы бар болатын. 1992 жылы 4 маусымда Жоғарғы Кеңес депутаттары 237 дауыспен Елтаңбаның жобасын қабылдады. «Бұл сәттегі қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Менің басшылығыммен жасалған нұсқа қабылданды. Енді көп ұзамай Қазақстан азаматтығын аламын. Осында түбегейлі көшіп келіп қалған өмірімді алаңсыз өз еліме арнаймын деген ой басыма келді», – дейді Елтаңба авторы. (Ә.Әбіласан, «Сығанақтан шыққан сәулетші», Астана, 2008 жыл)
Содан Жоғарғы Кеңестің ХІІ сессиясында конкурстық сұрыптаулар арқылы іріктелген бірнеше үлгі талқыланып, қорытындысында Ш.Ниязбеков пен Ж.Мәлібековтың жұмыстары қабылданып, Ту авторы Ш.Ниязбеков, Елтаңба авторы Ж.Мәлібеков болды. 6 маусым күні Абай атындағы Опера және балет театрында мемлекеттік рәміздердің тұсаукесері өткізіліп, Ж.Мәлібековке ресми түрде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы» деген Президенттің қолы қойылған «Биік мәртебелі куәлік» табысталды.
Сөйтіп бәйгеден оза шапқан Ж.Мәлібековтың байқаудағы жұмысы Елбасы назарына ілініп, Жандарбек ағаның есімі тарихқа жазылды.