» » Денсаулық сақтау саласындағы орын алған құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өткізді

Денсаулық сақтау саласындағы орын алған құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өткізді

2021 жылғы 3 наурыз күні БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Пирметов Сұлтан Хабибуллаұлы денсаулық сақтау саласындағы орын алған құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өткізді.
Шара барысында, короновирустық инфекция пандемиясы жарияланғаннан бастап,заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бір қатар  іс-шаралар өткізіліп жатқандығын атап өтті.
Алайда бүгінгі күні, Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2020-2021 жылдары жүйелік негізде COVID – 19 ПЦР сынамаларын теріс нәтижелері бар сертификаттарды жүйелі түрде тексерістен өткізбей сатумен айналысқан екі медициналық мекеменің қызметкерлерін анықтап, оларға  қатысты қылмыстық істі тергеуде.
ПЦР сынағының сертификаттары әр түрлі мақсаттарда пайдалануға арналған: вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылар, шетелге саяхаттайтын адамдар, Байқоңыр қаласына кіретін және т.б.
Сонымен бірге, медицина қызметкерлері 1 анықтама үшін 7 мың теңге көлемінде заңсыз сыйақы алу арқылы Ұлттық сараптама орталығы облыстық пара беруге итермеленген.
Ағымдығы жылдың басынан бастап Қызылорда облысының тұрғындарына ПРЦ тестінен  өткендігі туралы 60 жалған куәлік анытқталды.
Осылайша, медицина қызметкерлерінің қылмыстық іс-әрекеттерінің нәтижесінде облыс азаматтарының шексіз саны тәуекелге ұшырады.
Жедел іздестіру кезінде ПЦР COVID – 19 сынамаларының жалған сертификаттары жасалған компьютерлік жабдық пен мөр тәркіленді.
Медецина қызметкерлерін ұстау кінәнә толық мойындауға байланысты жүргізілген жоқ.
Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
Сонымен қатар, Арнайы мониторингтік топ өкілдері мен "Ақмешіт-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджерлері жыл басынан дәріханалардағы дәрілік препараттардың бағасының негізсіз көтерілуін болдырмау мақсатында 80 дәріханаларға,«СК-Фармация» мекемесінің облыстық қоймасы мен өңірлікемдеу мекемелеріндегі дәрі-дәрмек қорына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында азаматтарды ақпараттандыру мақсатында дәріханаларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған көрнекі құралдарды және дәрілік препараттардың шекті бағалары жайлы ақпараттар мен  QR- коды бар парақшаларды ақпарат тақталарына орналастырды.
Емдеу мекемелеріне гуманитарлық көмек ретінде шет елдерден келген емдеу препараттары, медициналық қорғау жабдықтары, ИВЛ-аппаратары және т.б  мақсатты таратылып, емдеу мекемелеріне толық жетуіне қоғам өкілдерімен  бақылау жүргізілуде. 
09 наурыз 2021 ж. 452 0