» » БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті

БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті


2020 жылғы 01наурыз күні «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысының міндетін уақытша атқарушыЯғмусов Руслан Файзуллаұлы департаменттің 2021 жылдың 2 айында атқарылған жұмыс нәтижиелері бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Шара барысында Арнайы мониторингтік топ пен "Ақмешіт-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджерлерімен жыл басынан өңірлік емдеу мекемелерінде дәрі-дәрмек қоры мен дәріханалардағы дәрілік препараттардың бағасының негізсіз көтерілуін болдырмау мақсатында 1 медициналық қойма, 2 емдеу мекемесі, 80 дәріхана мониторинг жұмыстарын жүргізгендігін атап өтті.
Сонымен қатар, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері, қоғам өкілдері, мердігер ұйымдардың басшылары және БАҚ өкілдерімен бірлесіп жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне, жолдың қыс мезгіліндегі жай-күйіне, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстауына жылжымалы зертханамен 9 рет мониторинг жұмыстары ұйымдастырылып, нәтижиесінде 11 ақаулар анықталып, 2 жойылғандығын хабарлады.
«Protecting bussines and investments» жобасы аясындаинвесторлардың жалпы құны 555,8 млрд. теңгеніқұрайтын 22 инвестициялық(6 шетелдік неше 16 отандық) жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алды.
Жоба аясында кәсіпкерлерден 62 өтініш келіп түсті, оның 33-і қанағаттандырылды, қалған 29-і бойынша тиісті түсініктемелер берілді. 2020 жылы салық органдарында тіркеу, мемлекеттік жылжымайтын мүлікті жалға беру бойынша тендерге қатысу және жер мәселелері бойынша 6 кәсіпкерге (жоба субъектілері болып табылмайды) көмек көрсетілді.
2021 жылдың 2 айында Департаментпен 15 сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталғандығын, олардың негізгі бөлігін парақорлық фактілері құрайды – 60% немесе 9 факт, сондай-ақ жымқыру және алаяқтық – 20 % немесе 3 факт болғандығын хабарлады.
Сонымен қатар, өндірісте барлығы 44 қылмыстық істері болды, оның 14 сотқа жолданғандығын,        аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал сомасы 12 милионнан астам, келтірілген залал толығымен өндірілгенін атап өтті..
Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзуға, қылмыстық істерді қосымша тергеуге  жол берілген жоқ.
Шара соңында қылмыстық-процестік кодексінің 200 бабына сәйкес 7 ұсыныс енгізілді, оның ішінде 3ұсыныс қаралғандығын назарға ұсынып, нәтижесі бойынша 2 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығын баяндады.
02 наурыз 2021 ж. 345 0