Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Мықты отбасы – мықты мемлекет

Мықты отбасы – мықты мемлекет

2013 жылдан бастап қыркүйек айының екiншi жексенбiсi – Отбасы күні ретінде аталып келедi. Президент Отан отбасыдан басталатынына ерекше мән беріп, отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына назар аударып отыр.

Расында мықты отбасы – мықты мемлекеттің ті­ре­­гі. Әрбір өспірім әкенің тәлімін, ананың өнегесін бойы­на сіңіріп, ұлттық құн­ды­лықтарды қастерлей біл­се, бәсекеге қабілетті, жа­һан­­дық үрдістерге төтеп бе­ре­тін ұлтқа айналар едік. Бүгін­де ажырасу, үлкенді сыйламау діни секторларға кіру және т.б орын алуы отбасындағы тәрбиенің әлсіреуінің салдары екені анық.
Ата-ана отбасында ба­ла­­ны өмірге келтірумен қатар оған сан ғасырдың сүзгісінен өткен ұлттың болмыс-бітімін дары­тып, қоғамға пайдалы азамат етіп қалыптастыруға мән бергені абзал.
Отбасында ата-ананың жү­ріс-тұрысы, сөйлеу мәнері, әдет-дағдылары, бір-біріне деген сыйластығы үлкен тәр­бие мектебі деуге болады. Бүгінгі ата-аналар ең бірінші осыған мән бергені дұрыс. Өйткені жастар естігенін емес көргенін іс­тей­ді.
Сосын балаға әсер ететін ортаны бақылау керек. «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен көрші бол», деген бе­керден-бекер айтылған жоқ. Біздің қоғамда осы қағидаға ерекше мән беріле бастады.
Аудан әкімі жанында әйел­­дер істері және отба­сылық-демографиялық ген­­­дер­­лік саясат жөніндегі ко­мис­сия жұмыс жасайды. Ко­миссия мүшелеріне ауда­нымызға танымал, өз орта­сында сыйлы Сайдулла Омаров, Ғабит Үйсінбаев, Молдахмет Ысқақов, Әзия Қыстаубаева, Зағипа Әбжале­лова, Баян Үсейінов сынды азаматтарымыз тар­тылған.
Аудан әкімі Р.Рүстемов 7-13 қыркүйек аралығында «Отбасы күнін» атап өтудің күнтізбелік жұмыс жоспарын бекітті. Негізі мақсаты – отбасы құндылықтарына қо­­­ғам­­­ның, әсіресе жас отба­сы­­лардың ерекше назарын аудару болмақ. Бар­лық елді мекендерде карантин талап­тарын сақтай отырып, үлгілі, қарапайым, елге сый­­­лы, танымал, өсіп-өн­ген берекелі отбасылар мен жас отбасылардың сабақ­тастығын жалғас­тыра­тын жүй­елі шаралар өткі­зіп, олар­дың пікір алмасуы, тәжірибе бөлісуіне мән беріледі. Отбасын жоспарлау, өмірлік жар таңдау, денсау­лықты сақтау және т.б кеңестер берілетін болады.
Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаев: «Ата-аналар ба­ла­ны тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек. Олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қара­ғанда анағұрлым күрделі, та­ла­бы жоғары болатынын ұмытпаған жөн»депті.
Бүгінде жаһанданған қо­ғам­да заманауи технология үстем­дік құрып, интернет ресурсты ақпарат таратудың құралына айналды. Осындай үрдістердің өмірге жылдам енуінің салдарынан құнды­лықтар құнсыздана бастады. Осындай күрделі сәтте ұлт­тың асыл қасиеттерін жас­тардың бойына сіңіріп, рухани жаңғыртып, жақсы мен жаманның ара жігін ажырата алатын, бәсекеге қабілетті етіп қалыптастыру міндеті тұр. Бұл – бүгінгі ата-ананың алдындағы ең үлкен міндет. Сондықтан да заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап ететіні сөзсіз.
Ақын Қасым Аманжо­лов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:  «Отбасы – шағын мемлекет, сен – премьер, мен – прези­дент,» дегені бар екен. Шынында, әр мемлекеттік басқару жүйесі әртүрлі болады. Сол сияқты әр отбасының өзіндік басқару жүйесі, тәртіп-талабы болады. Егер отбасы ұлттың қайнарынан нәр алса, сол отбасы табысты болады. Міне, шағын мемлекетке баланған отбасыларға осыны ұғындыру маңызды. Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық гендерлік саясат жөніндегі комиссия осы бағытта жүйелі жұмыс атқарып келеді.
Аудан «Алтын алқа» иесі 1025 болса, «Күміс алқалы» аналар 2150-ді құрайды. Бұл көрсеткіш Сыр өңіріндегі аудандардың арасында жо­ға­ры көрсеткіш. 100 жасқа жеткен 5 кейуана, 90 жастан асқан 32 ата-әжелеріміз бар. Өнегелі, батагөй, тілеуқор апа-әжелердің жолын жал­ғас­тыратын жастардың ба­ры қуантады. Яғни демо­графия­лық жағдайы жақсы аудан­ның біріміз. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жол­дауында көтерілген мін­дет­тер өз деңгейінде ат­қа­рылып келе жатқанын көр­­сетеді.
Қай ауылда болмасын өзінің болмысымен, өнегелі іс-әрекетімен ерекшеленіп, ел басқарып жүрген азамат­тардың тілеуін тілеп оты­ратын ата-әжелеріміз бар­шылық. Сондай үлкенде­рі­міз­дің алғысы елді мейрімге бөлеп келеді. Осы ретте, Алла Тағаланың «Кім менен сұраса, мен оның сұрағанын беремін» дегені ойға келеді.
Ұлы Дала елінің келе­шегін баянды етуде мықты отба­сы қалыптастыру маңыз­ды. Бұл жолда барша қазақс­тан­дықтар жауап­кершілікті сезінгені абзал.

Әбілғазы ТӨЛЕГЕНОВ,
аудандақ ішкі саясат бөлімінің басшысы

08 қыркүйек 2020 ж. 3 937 0